Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 809 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 36, 394-құжат).

      2. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 6-құжат).

      3. "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 3-4, 8-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 және "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 848-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1567 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 49-құжат).

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.