Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ) құрылсын.
2. Техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласындағы білім беру қызметтерін көрсету мен ғылыми әзірлемелерді практикаға енгізу КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. КеАҚ жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) КеАҚ жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;
3) КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;
5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Р/с №
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
"Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны балансындағы мүлік
1
Стенд 3000*1200 (Е.Төлепбайдың көрмесі) 79 дана
дана
1
2
Тік витрина 2200*1000*1000 мм
дана
10
3
Қабырға жанындағы тік витрина 2200*2000*500 мм
дана
2
4
Көлденең оқшау витрина 1500*1200*800 мм
дана
6
5
Тік витрина 1400*800*800 мм
дана
16
6
Шамшырақ (Е.Төлепбайдың көрмесі 93 дана, штангада)
дана
1
7
Стенд 3000*1200 (Е.Төлепбайдың көрмесі) 17 дана.
дана
1
8
Едендік витрина 1400*2100*500 мм
дана
1
9
Едендік витрина 1400*2000*400 мм
дана
2
10
Терең кіріктірілген витрина 2700*1000*1000 мм
дана
1
11
Терең кіріктірілген витрина 600*1400*300 мм
дана
1
12
Стенд 3000*1200 (Е.Төлепбайдың көрмесі) 18 дана.
дана
1
13
Шамшырақ (Е.Төлепбайдың көрмесі 25 дана, штангада)
дана
1
14
Подиумдағы оқшау витрина 400*2500*2500 мм
дана
1
15
Инфрақызыл сәуле (жиынтықта 11 дана)
дана
4
16
Стенд 1500*1200*120 (Бейбарыс)
дана
2
17
Едендік витрина 1150*1300*400мм (терракот)
дана
1
18
Едендік витрина 1150*2400*600мм (терракот)
дана
1
19
Едендік витрина 1150*2400*600мм (терракот)
дана
1
20
Едендік витрина 1150*2400*600мм (терракот)
дана
1
21
Едендік витрина 800*1200*650мм (терракот)
дана
1
22
Жарықтандырылған витрина 80*80*140 см (Белоруссия)
дана
5
23
Стенд 230*300 см (Белоруссия)
дана
1
24
Декоративті шаңырақ 230*230*8 см (Белоруссия)
дана
1
25
Панно 1400*300 см (Белоруссия)
дана
1
26
"Жәдігер" бейнеролигі
дана
1
27
Рельсте қозғалатын сөре, экспонаттар үшін қоймалық, I тип, 4745*500*2315 мм
дана
20
28
Рельсте қозғалатын сөре, экспонаттар үшін қоймалық, С тип, 2905*500*2315 мм
дана
20
29
Рельсте қозғалатын сөре, экспонаттар үшін қоймалық, F тип, 3825*500*2315 мм
дана
13
30
AR Scope Vision "AR (қосымша шынайылық жабдығы)
дана
4
31
Scope Vision үшін штатив
дана
4
32
Мультимонитор 46" HANTAREX
дана
15
Қазақстан Республикасы1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-190-жолмен толықтырылсын:
"21-190. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" КеАҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік саны 224-40-жолмен толықтырылсын:
"224-40. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" КеАҚ".