"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 246-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін мемлекеттік органдардың өкілдері
Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Омаров
Сапархан Кесікбайұлы
-
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Дəленов
Руслан Ерболатұлы
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы
-
Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі