Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 717 қаулысына
қосымша   Жолаушыларды, багажды,
жүктер мен почта
жөнелтілімдерін тасымалдау
жөнінде қызметтер көрсету үшін
халықаралық авиамаршруттарға
арналған конкурс өткізу және
авиамаршруттарға куәліктер
беру қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАМАРШРУТҚА КУӘЛІК

      _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау (тасымалдау объектілері көрсетіледі) мақсатында

      ____________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша (халықаралық авиамаршрут атауы)

      __________________________________________________________________________

      иілігімен (аптасына рұқсат етілген рейстер саны)

      тұрақты авиарейстерді орындау құқығы берілді.

      Халықаралық авиамаршрутқа куәлік берген мемлекеттік орган

      __________________________________________________________________________

      (куәлікті берген мемлекеттік органның толық атауы)

      _________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ол уәкілеттік берген адамның тегі, аты-жөні және қолы)

      Куәлік берілген күн: 20___ жылғы "___" ___

      Куәліктің қолданылу мерзімі: 20___ жылғы "___" ___ дейін

      Куәліктің нөмірі ____________ № ____________

      Нұр-Сұлтан қаласы

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.