Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 50-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Айникеев
Дамир Вадимович
–
"STUDIOCUBIC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, режиссер, продюсер, монтаждаушы (келісу бойынша)
Аранышева
Лейла Файзуллақызы
–
режиссер, сценарист (келісу бойынша)
Әбелдинов
Адай Құнанбайұлы
–
"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының "Анимациялық кино" бөлімінің жетекшісі, режиссер-аниматор
Борецкий
Олег Михайлович
–
кинотанушы, киносыншы (келісу бойынша)
Голенко
Вадим Геннадьевич
–
"Меломан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)
Дүнгенбаева
Салтанат Еркенқызы
–
сценарист, мультипликатор, драматург, редактор (келісу бойынша)
Қашағанова
Анар Екейбайқызы
–
Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, продюсер (келісу бойынша)
Қуанышева
Жаннат Шорақызы
–
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы "Киноактер" бөлімінің жетекшісі (келісу бойынша)
Нарымбетов
Сатыбалды
–
кинорежиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісу бойынша)
Өтекешева
Меруерт Қаратайқызы
–
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (келісу бойынша)
Өтепбергенов
Серікбол Ментайұлы
–
режиссер, сценарист (келісу бойынша)
Тұрсынов
Ермек Кәрімжанұлы
–
Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы, кинорежиссер, жазушы, сценарист (келісу бойынша)
Шәріпов
Фархат Жұрабайұлы
–
кинорежиссер, продюсер, сценарист (келісу бойынша)
Шекеров
Бекболат Базарбайұлы
–
сценарист, "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы сарапшылық кеңесінің тең төрағасы
Шүкенов
Бауыржан Қамалұлы
–
"Арман-Cinema" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)