"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"АЭА-ның аумағы 653,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.";
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "жәрдем көрсету мақсаттарында құрылады." деген сөздер "жәрдем көрсету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту арқылы Нұр-Сұлтан қаласын жедел дамыту мақсаттарында құрылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";
"Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан Республикасы
1
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд. теңге
5,2
40
100
200
300
1.1
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд. теңге
1,7
8
20
40
60
1.2
отандық инвестициялар көлемі
млрд. теңге
3,5
32
80
160
240
2
АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд. теңге
1,6
100
150
250
400
3
Қатысушылар (компаниялар) саны
бірлік
12
38
62
75
85
4
Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдардың саны
адам
7
13
35
47
53
5
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
1000
3000
4500
6000
6000
6
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
15%
20%
25%
30%
35%
7
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі
%
3,7
4,8
6,2
8
10
* көрсеткіштер өсу нәтижесімен көрсетіледі