"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.1. 2042 жылға дейінгі кезеңге "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі;
"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
1. "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Астана қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 846,185 гектарды құрайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 25 қаулысымен.2. АЭА:
1) инвестициялар тарту және қолда бар әрі тартылған озық технологияларды, ноу-хауды пайдалану, заманауи инфрақұрылым құру арқылы Астана қаласын инновациялық дамыту;
2) тиімділігі жоғары, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;
3) жаңа технологияларды дамытуды жеделдету, зерттеулерді жүргізудің ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жетілдіру, жаңа технологияларды әзірлеу, оларды коммерцияландыруға жәрдем көрсету;
4) әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау және туризм салаларына инвестициялар тарту арқылы Астана қаласын жедел дамыту мақсаттарында құрылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.10.2019 № 780; 06.04.2020 № 177; 30.01.2024 № 46; 27.01.2025 № 25 қаулыларымен.3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2020 № 177 қаулысымен.4. АЭА қызметінің оны құру мақсаттарына сәйкес келетін басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2021 № 366 қаулысымен.5. Қызмет түрлері бойынша жобаларды іске асыру басым түрде "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының "Astana Business Campus" паркінің ғылыми әзірлемелер бойынша жобаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.
6. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2020 № 177 қаулысымен.7. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
8. АЭА аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
9. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
12. АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылады және пайдаланылады.
13. АЭА аумағына әкелінген және еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждар, салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан ретінде қарастырылады.
14. Тауарларды уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік тазалаумен және шығарумен, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылауды жүргізумен байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
15. АЭА-да қызметті жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдайлар жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделген.
16. АЭА құрылған мерзiм өткен соң таратылады. АЭА-ны Қазақстан Республикасының Үкіметі таратады.
17. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Астана - Технополис"Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 25 қаулысымен.
Ескерту. Нысаналы индикатор жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2020 № 177 қаулысымен.
Р/с № Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2022 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 2027 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 2032 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 2037 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 2042 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 1 2 3 4 5 6 7 81
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд. теңге
5,2
40
100
200
300
1.1
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд. теңге
1,7
8
20
40
60
1.2
отандық инвестициялар көлемі
млрд. теңге
3,5
32
80
160
240
2
АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд. теңге
1,6
100
150
250
400
3
Қатысушылар (компаниялар) саны
бірлік
12
38
62
75
85
4
Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдардың саны
адам
7
13
35
47
53
5
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
1000
3000
4500
6000
6000
6
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
15%
20%
25%
30%
35%
7
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі
%
3,7
4,8
6,2
8
10
* көрсеткіштер өсу нәтижесімен көрсетіледі
Қазақстан Республикасы1. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Астана қаласының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
"Астана-жаңа қала" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 15264,135 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына ауданы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк, ауданы 3111,415 гектар игеру аймағы, ауданы 5134 гектар реновациялау аймағы, ауданы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельсті желі және ауданы 1,9 гектар жергілікті атқарушы органның аумағы кіреді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 25 қаулысымен.2. АЭА:
1) инвестициялар тарту және құрылыста озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ заманауи инфрақұрылым құру арқылы Астана қаласын жедел дамыту;
2) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.10.2019 № 780; 30.01.2024 № 46 қаулыларымен.3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) мыналарды:
сусындар өндіруді;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.
4. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.5. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
6. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.7. Астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
8. АЭА аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
9. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
10. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.11. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.12. АЭА аумағында Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
13. АЭА аумағында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге кедендік рәсімдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
14. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар кедендік баждар, салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орналастырылған ретінде қаралады.
15. Уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, тауарларды кедендік тазартумен және шығарумен, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізумен байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
16. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келу, кету, транзитпен өту мен болу тәртібі қолданылады.
17. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
18. АЭА "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 46 қаулысымен.22. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2025 № 25 қаулысымен.
Ескерту. Нысаналы индикаторға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.10.2019 № 780; 30.01.2024 № 46 қаулыларымен.
Р/с
№
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атаулары)
Өлшем бірлігі*
База лық кезең (2011)
2017 жылға қарай қол жеткізу
2012
2013
2014
2015
2016
2017
Шекті деңгей
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
Жалпы инвестициялар көлемі, оның ішінде (ұлғайтумен)**:
млрд. теңге
911
975,8
1040,6
1105,4
1170,2
1235
1300
1100
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд. теңге
101
101,2
101,3
101,5
101,6
101,8
102
101
отандық инвестициялар көлемі
млрд. теңге
810
874,6
939,2
1003,8
1068,4
1133
1198
999
2
АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі**
млрд. теңге
35
40,8
46,6
52,4
58,2
64
70
40
3
Қатысушылар саны
компаниялар
24
28
33
37
41
45
50
30
4
Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар саны
адам
50
58
64
72
81
89
100
50
5
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (ұлғайтумен)
адам
950
1375
1800
2225
2650
3075
3500
1500
6
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі
%
15
20
25
30
35
40
45
25
кестенің жалғасы
№
2022 жылға қарай қол жеткізу
2027 жылға қарай қол жеткізу
2018
2019
2020
2021
2022
Сындарлы деңгейі
2023
2024
2025
2026
2027
Сындарлы деңгей
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
1
1350
1400
1450
1500
1550
1300
1620
1690
1760
1830
1900
1500
104
105
107
108
110
102
111
112
113
114
115
110
1246,4
1294,8
1343,2
1391,6
1440
1198
1509
1578
1647
1716
1785
1390
2
80
90
100
110
120
60
126
132
138
144
150
75
3
52
55
58
60
62
35
64
67
70
75
80
50
4
110
120
130
140
150
75
160
170
180
190
200
100
5
3700
3900
4100
4300
4500
2000
4700
4900
5100
5300
5500
2750
6
46
47
48
49
50
30
52
54
56
58
60
35
Ескертпелер:
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген;
есептеу кезінде қолданылған бағам: 1 АҚШ доллары – 333 теңге.
** - АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің сомасы тартылған инвестициялар сомасының АЭА құрылған кезден бастап (2002 жыл) өсу қорытындысымен, ал тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің 2010 жылдан бастап іске қосылған өндірістерге сәйкес көрсетілгеніне байланысты инвестициялар көлемінің сомасынан аз. Бүгінгі күні 41 кәсіпорын өндірісті жүзеге асыруда, 11 объект құрылыс сатысында және 13 жоба жобалау сатысында.
Астана қаласының № 1 индустриялық паркі бойынша инвестициялар көлемі 140000 миллион теңгені құрайды, кәсіпорындар жобалық қуатына шыққаннан кейін өндіріс көлемі жылына 175720 миллион теңгені құрайтын болады.