Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 бастап өз қолданысын тоқтатты - ҚР Үкіметінің 13.08.2020 № 511 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1. Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін иммундық-биологиялық препараттарды шығаратын биофармацевтикалық зауытты жобалауға және салуға, сондай-ақ Covid-19 емдеу бойынша модульдық аурухана салуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлінген жағдайда өтінішхат жобалау-сметалық құжаттама ұсынылмай, жиынтық есеп-қисаптармен қоса ұсынылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин