Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан Республикасы
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 20-14 және 20-15-жолдар алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 217-17 және 217-18-жолдармен толықтырылсын:
"217-17. "АЭС Өскемен ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
217-18. "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:
"9. "АЭС Өскемен ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
10. "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар алып тасталсын.