Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
1. "Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциз таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 792 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 495 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 904 қаулысы.