Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 690 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 690 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 26 қаңтардағы
№ 27 қаулысына
қосымша   Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 690 қаулысымен
бекітілген

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі, хатшы

      Алматы қаласының әкімі

      "КАZ Minerals PLC" тобының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісу бойынша)

      "Fincraft group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісу бойынша)

      Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлері бойынша "IDC" вице-президенті (келісу бойынша)

      "Verny Capital" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Каспий нефть" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Еврохим-Қаратау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі бас директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Еуразиялық топ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің IT бойынша корпоративтік директоры (келісу бойынша)

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.