Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Көмірсутектер, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі – көмірсутектер саласындағы;
2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті – жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.";
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.";
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Р/с №
Лицензияның және жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы
Жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы
1
2
3
Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау
1.
Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия
1. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер.
2. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары.
3. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар.
4. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары.
5. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау.
6. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою.
7. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу.
8. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту.
9. Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар.
10. Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану.
11. Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау.
12. Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау.
13. Магистральдық құбыржолдарды пайдалану.
Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау
2.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия
1. I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау.
2. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою.
Р/с №
Рұқсат беру рәсімінің атауы
Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы
1
2
3
1.
Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру
Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат
2.
Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру
Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат