Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақсай өзені бассейніндегі сел ұстайтын бөгет.".
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) жалпы ауданы 20,9 гектар жерлері Ақсай өзені бассейнінде сел ұстайтын бөгет салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан Алматы облысы Қарасай ауданының босалқы жерлері санатына ауыстырылсын.
3. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскесін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне беруді;
2) табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің босалқы жерлерге ауыстырылуына байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн және алынған сүректі ұлттық парктің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
"Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жерлері
20,9
1,6
-
-
2,26
3,86
7,6
-
9,44
17,04