Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.
"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2048 жылға дейінгі кезеңге "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Alatau" АЭА) құрылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.2. Қоса беріліп отырған:
1) "Alatau" АЭА туралы ереже;
2) "Alatau" АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.
1. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы – Қонаев) тасжолының бойында, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 96560 мың гектарды құрайды.
2. АЭА:
1) өңірдің дамуына жаңа серпін беретін жобаны іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;
2) келуші қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті заманауи жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамыту, Алматы облысында қызметтер көрсетудің сапасы жағынан жаңа деңгейін қалыптастыру мақсатында құрылады.
3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылған болуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
9. АЭА аумағында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіруінің, одан кетуінің, транзитпен өтуінің және болуының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген тәртібі қолданылады.
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.
12. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
13. Құрылу мерзімінің аяқталуына байланысты АЭА таратылған кезде Алматы облысының әкімдігі:
1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;
2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.
14. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып, алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға тиіс.
15. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Alatau" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша"Alatau" АЭА аумағы Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы – Қонаев) тасжолының бойында 96560 гектар аумақта орналасатын болады.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.
1
Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсіммен)
млрд тенге
0
0
23
72
109
122
105
123
165
186
124
95
98
2
АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд тенге
0
0
13
32
80
123
219
363
435
490
578
694
703
3
Қатысушылар саны
компаниялар
0
13
20
28
34
39
42
44
46
48
48
48
13
4
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсіммен)
адам
0
320
630
1 269
2 133
2 573
2 764
2 921
4 437
5 449
5 650
5 826
320
1
Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсіммен)
млрд. тенге
129
90
88
85
77
33
17
15
25
26
11
11
2
АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд. тенге
770
838
914
945
979
1 052
1 140
1 218
1 289
1 370
1 469
1 571
3
Қатысушылар саны
компаниялар
48
48
48
50
50
50
50
50
50
50
50
50
4
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсіммен)
адам
7 179
7 790
8 081
8 392
10 571
12 424
12 958
13 458
13 992
15 309
15 919
17 361