Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
1. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі".
2. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)".
3. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)".
4. "Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штабтың) құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)".
5. "Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 169-ө өкімінде:
Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, тең төраға (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, тең төраға (келісу бойынша)".
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкімінде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)".