Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 706 қаулысына 1-қосымша |
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы.
2. "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы.
3. "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы.
4. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 706 қаулысына 2-қосымша |
1. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 86 қаулысы.
3. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 708 қаулысы.
4. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 146 қаулысы.
5. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 324 қаулысы.
6. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.