"Республиканың ғылымды ұйымдастыруды жетiлдiру мен
ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 21 қаңтардағы
N 1090
U931090_
Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж.,
N 1, 12-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының радиоэлектроника мен байланыс
жөнiндегi Ұлттық орталығы (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Қазақстан
Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық
бағынысты кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiк болып табылады деп
белгiленсiн.
<*>
Қазақстан Республикасы Ғылым министрi-Ғылым академиясының
президентi тағайындайтын бас директор басқаратын бас дирекция Ұлттық
орталыққа басшылық етедi.
<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
N 1668 қаулысымен.
P961668_
2. Ұлттық орталыққа:
радиоэлектроника мен байланыс саласында iргелi және қолданбалы
зерттеулер жүргiзу және оларды үйлестiру;
радиоэлектроника мен байланысты дамытудың мемлекеттiк
басымдықтары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
радиоэлектроника мен байланысты дамытудың басым бағыттары
бойынша республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалардың
жобаларын әзiрлеу;
радиоэлектроника өнеркәсiбiне арналған материалдар мен
элементтiк база өндiрiсiнiң технологияларын әзiрлеу және игеру;
ғылымға сүйенетiн әрi импортты алмастыратын өндiрiстер құру;
бәсекелесе алатын өнiмдер өндiрудi әзiрлеу және ұйымдастыру
есебiнен республиканың экспорттық әлеуетiн арттыру;
республиканың әскери-өнеркәсiп кешенiнiң жаңа технологияларын
радиоэлектроника өнеркәсiбiмен сабақтастыруды қамтамасыз ету;
радиоэлектроника мен байланыс саласында ғылыми және
ғылыми-техникалық кадрлар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн
көтеру iсiн ұйымдастыру;
халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру
жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгiнiң Алматыдағы "Гранит" өндiрiстiк-техникалық кәсiпорны
негiзiнде Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң
Радиоэлектроникалық ғылыми-зерттеу институтын және тәжiрибелiк
өндiрiсi бар арнаулы конструкторлық-технологиялық бюро құру
туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
4. Радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институты қызметiнiң негiзгi
бағыттары:
радиоэлектроника саласында iргелi және қолданбалы зерттеулер
жүргiзу;
радиоэлектрониканы дамытудың басым бағыттары бойынша
республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын
әзiрлеуге және оларды жүзеге асыруға қатысу;
энергия мен ресурстар үнемдеушi және экологиялық таза
технологиялар, радиоэлектроника өнiмдерiнiң ғылымға сүйенетiн әрi
импортты алмастырушы өндiрiстерiн құрып, игеру мақсатында зерттеулер
жүргiзу деп белгiленсiн.
5. Тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы конструкторлық-технологиялық
бюро қызметiнiң негiзгi бағыттары:
радиоэлектроника техникасы мен байланыс құралдарын жасау жөнiнде
тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
республиканың халық шаруашылығына қажеттi радиоэлектроника
құрылғыларының жаңа түрлерiн әзiрлеп, оларды шығаруды игеру;
бәсекелесе алатын радиоэлектроника аппараттарын әзiрлеу
есебiнен республиканың экспорттық әлеуетiн арттыру деп анықталсын.
6. Ұлттық орталықтың құрамына заңды ұйымдар құқықтарымен:
радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институты;
тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы конструкторлық-технологиялық
бюро;
"Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясының "Алатау" өндiрiс
бiрлестiгi енгiзiлсiн.
(7-тармақ)
<*>
(8-тармақ)
<*>
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.06.20. N 1002
қаулысымен.
P971002_
9. Ұлттық орталық пен арнаулы конструкторлық-технологиялық
бюроның бас дирекциясының орналасатын жерi Алматы қаласында,
радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институтының орналасатын жерi -
Приозерск қаласында белгiленсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
N 1668 қаулысымен.
P961668_
10. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi екi апталық мерзiмде Алматыдағы "Гранит"
өндiрiстiк-техникалық кәсiпорынының негiзгi қорларын, айналмалы
құрал-жабдығын, материалдық ресурстарын, штат санын Радиоэлектроника
ғылыми-зерттеу институты мен тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы
конструкторлық-технологиялық бюроға бөлiп берсiн.
11. Ұлттық орталықты қаржыландыру мемлекеттiк бюджет,
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң кредиттерi,орталықтың
қызметiне мүдделi бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың
қаржысынан, сондай-ақ өз әзiрлемелерiн сатудан алынған қаражат
есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Радиоэлектроника
ғылыми-зерттеу институты мен тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы
конструкторлық-технологиялық бюроның қызметi шаруашылық есеп және
өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде жүзеге асырылады.
12.
<*>
ЕСКЕРТУ. 12-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
N 1668 қаулысымен.
(13-тармақ)
<*>
.
Ескерту. 13-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 23.12.1994 ж.
N 1451 қаулысымен.
P941451_
14. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының
Радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi ұлттық орталығы туралы
Ереженi бекiтсiн.
(15-тармақ)
<*>
Ескерту. Осы қаулының 7, 15 тармақтарының күшi жойылды деп
танылсын (ҚРМК 28 сәуiр 1994 ж. N 446 қаулысы) және
1996.10.02. N 1208 қаулысымен.
P961208_
,
Р940446_
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi