Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын көбейту туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалақы мен жасына байланысты зейнетақының ең төменгi жаңа мөлшерiн белгiлеу туралы" 1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1651 U941651_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жеке құрамының ақшалай үлесi /еңбек ақысы/ туралы" 1984 жылғы 26 сәуiрдегi N 442 қаулысына сәйкес бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 1994 жылдың 1 сәуiрiнен бастап 2,5 есе көбейтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi