Қазақстан Республикасының Үкiметi Төралқасы мәжiлiсiнiң 1996
жылғы 8 тамыздағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656
қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,
N 17, 194-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген
төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен мыналар алынып
тасталсын:
"Фосфохим" АҚ, Ақтөбе облысы;
"Петропавл шағын литражды двигательдер зауыты" АҚ, Солтүстiк
Қазақстан облысы.
2-тармақ.
<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.10.30.
N 1309 қаулысымен.
P961309_
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiмен бiрлесiп мынадай
акционерлiк қоғамдарды жекешелендiру жөнiндегi жұмысты жеделдетсiн:
"Актюбрентген" АҚ, Ақтөбе облысы
"Химпром" АҚ, Павлодар облысы
"Аспап жасау зауыты" АҚ, Көкшетау облысы
"Петропавл электроқшауландыру материалдары зауыты" АҚ, Солтүстiк
Қазақстан облысы.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi