Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Астана қаласындағы инфрақұрылымды дамыту және әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыру үшiн қаражат тарту жөнiндегi шаралар туралы<*> ЕСКЕРТУ. Атауы және мәтiнiндегi сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.02. N 624 қаулысымен. ~P980624

      Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Астана қаласының әкiмiмен бiрлесе отырып бес күн мерзiм iшiнде Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңартудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жетi күн мерзiм iшiнде:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiне қаражаты Астана қаласындағы инфрақұрылымды дамыту және әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыруға жұмсалатын 20 млн. АҚШ доллары сомасында заем беру туралы ұсыныстарды жинау мен зерделеудi ұйымдастырсын;
      2) "Ақмола қоры" жабық акционерлiк қоғамы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заемшы және заемға қызмет көрсету жөнiндегi агент болып белгiленсiн.
 
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.02. N 624
               қаулысымен. P980624_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2)-тармақшасы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1998.07.03. N 635 қаулысымен. P980635_
 
      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
      1) Астана қаласындағы инфрақұрылымды дамыту және әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiне ұсынылған шарттар бойынша заем тартудың мүмкiндiгi туралы;
      2) аталған қарыз алу шарттарының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келуi туралы қорытындылар ұсынсын.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.02. N 624
               қаулысымен. P980624_
 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң және Әдiлет министрлiгiнiң қорытындылары оң болған жағдайда, тиiстi келiсiмдер жасасу және тартылатын заем бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн беру жөнiндегi қажеттi рәсiмдердi жүзеге асырсын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.