Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылған деп тану туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" 1998 жылғы 24 шілдедегі N 691 P980691_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштері туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1002 P971002_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Телекоммуникациялар мен байланыстың қазіргі заманғы жүйелерін құру" республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасының 1997-2000 жылдарға арналған негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерінде:
      6-тарауда:
      екінші абзацтағы "Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталықтың (РЭБ ҰО)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының ("РЭБ ҰО" АҚ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "РЭБ ҰО" АҚ жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап түпкілікті өнімді шығаруға және оны сатуға дейінгі ғылыми-техникалық қызмет желісінің үзіліссіздігін қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымға ие болады";
      7-тараудағы "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі Ұлттық орталығы" деген сөздер "РЭБ ҰО" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ақпаратты қорғау жөніндегі ұлттық стандарттардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы" 1998 жылғы 3 маусымдағы N 507 P980507_ қаулысына:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының жанындағы Радиоэлектроника және байланыс ұлттық орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Радиоэлектрооника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Радиожиілік спектрін мемлекеттік мұқтаждар үшін пайдаланудың тәртібі туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі N 652 P980652_ қаулысына:
      8-тармақтағы "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс ұлттық орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника мен байланыс жөніндегі Ұлттық орталығының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 8 P940008_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 5-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Сарышаған" сынақ полигонының босаған объектілерін пайдалану жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы N 1155 P941155_ қаулысының;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми орталықтарының қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 28 желтоқсандағы N 1668 қаулысымен (Қазақстан Республикасының

 

ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 511-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы

Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағының күші

жойылған деп танылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға

жатады.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі