Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылғы егіннің астығын
мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың
кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303
P991303_
және
"Мемлекеттік астық ресурсын және резервін пайдаланудың тәртібін бекіту
туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506
P991506_
қаулыларына сәйкес
астықты мемлекеттік сатып алуға бағытталған ақшаны жинақтауды және оның
пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы
Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитетіндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының арнаулы шотына:
<*>
екінші деңгейдегі банктер мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы"
жабық акционерлік қоғамынан соңғысы 1998 жылдың астығын мемлекеттік сатып
алуға алған 41 887 801 (қырық бір миллион сегіз жүз сексен жеті мың сегіз
жүз бір) АҚШ долларын 1999 жылдың 5 қарашасына дейін;
екінші деңгейдегі банктер мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы"
жабық акционерлік қоғамынан белгіленген мерзімде түсуі күтіліп отырған 10
097 375 (он миллион тоқсан жеті мың үш жүз жетпіс бес) АҚШ долларын оның
өтелуіне қарай бір банктік күннің ішінде аударсын;
2) заңдарда белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының ақшаны
уақытылы қайтаруы жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Ескерту. 1-тармақтың 1) тармақшасы өзгерді - ҚР Үкіметінің
1999.12.23. N 1964 қаулысымен.
P991964_
2. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы үш
банктік күннің ішінде, 1998 жылы астықтың мемлекеттік ресурстарын сатудан
түскен 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ
доллары сомасындағы ақшаны, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің
депозиттеріне орналастырудан алынған 254 233 (екі жүз елу төрт мың екі жүз
отыз үш) АҚШ доллары сомасындағы оларға есептелінген сыйақыны (мүддені)
осы қаулы күшіне енген күннен бастап Эскроу шотына аударсын.
3. "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін
жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан
Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303
P991303_
қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ "сондай-ақ астықтың мемлекеттік резервінің ақшалай нысанда
сақталатын бөлігі ретіндегі 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз
сексен төрт) АҚШ доллары сомасындағы қаражаттың есебінен" деген сөздермен
толықтырылсын.
4. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының
кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27
мамырдағы N 656
P990656_
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.