Мемлекеттiк ресурстарға сатып алынатын астық үшiн есеп айырысуды
реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Мемлекеттiк ресурстардағы және резервтегi астықты пайдалану
тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30
қыркүйектегi N 1506
P991506_
қаулысында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астық сатып алу және ауыл
шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiндегi кейбiр шаралар туралы"
1998 жылғы 5 қазандағы N 998, "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары
туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1390 және "1999 жылғы егiннiң
астығын мемлекеттiк сатып алудың, оның есебiн жүргiзудiң, сақтаудың және
сатудың кейбiр мәселелерi туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303
қаулыларына сәйкес бөлiнген несиелiк ресурстар есебiнен сатып алынған
астықты сатудан түскен қаражат астықтың мемлекеттiк экспорттық ресурстарын
қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық
комитетiндегi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамының арнаулы шотына
қайтарымды негiзде жiберiлсiн.";
2) "1999 жылғы егіннің астығын сатып алуды қаржылық реттеудің кейбір
мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27
қазандағы N 1612
P991612_
қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Астана қаласындағы қалалық аумақтық Қазынашылық
басқармасындағы "Эскроу" арнаулы есеп шотына" деген сөздер "Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы"
жабық акционерлік қоғамының арнаулы шотына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394
қаулысымен.
P010394_
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.