"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi"
республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522
P991522_
қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
1) "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334
P981334_
қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IҮ "Шығыстар" бөлiмiнде:
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық топтың 2 "Байланыстар жүйесi"
iшкi функциясындағы "215 Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар
және туризм министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi" деген сөздер "611 Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі агенттiгі"
мемлекеттiк мекемесi деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың
әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335
P981335_
қаулысына:
аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi
бағдарламалардың тiзбесiнде:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм
министрлiгi" мекемесi бойынша:
32 "Арнайы байланыспен қамтамасыз ету" бағдарламасы алынып тасталсын;
30 "Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызмет" кiшi бағдарламасы алынып
тасталсын;
610 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттігі" мемлекеттік мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік
шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кіші
бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"611. "Қазақстан Республикасының құпияларды қорғау жөніндегі
агенттігі" мемлекеттік мекемесі, 32 "Арнаулы байланысты қамтамасыз ету"
бағдарламасы, 30 "Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" кіші бағдарламасы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды
орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға
сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің
тізбесінде:
"10 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"10 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі
агенттігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.