Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін
нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235
U990235_
Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.
<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 133
қаулысымен.
P010133_
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 27 мамырдағы N 657
P990657_
қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар
енгізілсін:
1) 1-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен
толықтырылсын:
"7) Атом энергетикасы жөніндегі комитет;
8) Аэроғарыш комитеті";
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы; 27 мамырдағы N 657
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі N 968
P990968_
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 1999 ж., N 34, 305-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің
мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27
тамыздағы N 1268
P991268_
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1999 ж., N 43, 293-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.