Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.
1. Өңірлік саясат жөнінде кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес тізбесі;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 155-ө өкімімен бекітілген |
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө; 13.12.2019 № 222-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі (келісім бойынша).
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 155-ө өкімімен бекітілген |
1. Өңірлік саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.5. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) өңірлік даму және елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері;
2) өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін және өңіраралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар және ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.