Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазакстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармакшасына сәйкес:
1. Мұнай-газ саласы инвесторларының мәселелері женіндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 175-ө өкімімен бекітілген |
1. Мұнай-газ саласы инвесторларының мәселелері женіндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау мақсатында құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өз кызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі және бейнеконференцбайланыс режимінде ұйымдастырылуы мүмкін.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
6. Кеңестің негізгі міндеті:
1) мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
2) мұнай-газ саласындағы инвесторлардың қызметі;
3) инвесторлардың проблемалық мәселелерін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің қарауына шығару;
4) инвесторлардың өтініштерін қарау;
5) мұнай-газ саласын дамыту, мұнай-газ саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау болып табылады.
7. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 175-ө өкімімен бекітілген |
Мұнай-газ саласы инвесторларының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы