Толықтыру
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Көміртегі бейтараптығына көшу және Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын пысықтау процесін ұйымдастыру жөнінде жобалық офис құру туралы

      Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Көміртегі бейтараптығына көшу және Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын пысықтау процесін ұйымдастыру жөніндегі жобалық офис (бұдан әрі – Жобалық офис) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Жобалық офистің жұмыс органы болып айқындалсын.

      3. Жобалық офис 2022 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының пысықталған жобасын енгізсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 201-ө өкіміне
қосымша

Көміртегі бейтараптығына көшу және Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын пысықтау процесін ұйымдастыру жөніндегі жобалық офистің құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісу бойынша)

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.