Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы

      1. Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Комиссия тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залал сомасына бағалау жүргізсін, әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр Комиссия жұмысының нәтижелері мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндасын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 9 қаңтардағы
№ 2-ө өкіміне
қосымша

Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Комиссияның төрағасы

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Комиссия төрағасының орынбасары

Бүркітбаев
Жандос Қонысұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Ильин
Юрий Викторович

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

Таласов
Мұхамеджан Қадыржанұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

Сарсенов
Сакен Сейітжаппарұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Каринова
Шолпан Таңатқызы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі

Біржанов
Ержан Ерікұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Жаналинов
Данияр Еренғалиұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Әбдіқадыров
Әлішер Елісұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Мырзахметов
Абылай Исабекұлы

-

Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)