Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев
Р/с №
Атауы
Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мерзімі
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу мерзімі
1
2
3
4
5
6
1.
Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
2015 жылғы 2 наурызға дейін
2015 - 2019 жылдар
2015 жылғы 12 наурызға дейін
2.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 1 маусымға дейін
2015 - 2019 жылдар
2014 жылғы 1 шілдеге дейін
3.
"Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
2012 жылғы 1 қарашаға дейін
2013 - 2019 жылдар
2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін
4.
Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
2013 жылғы 1 тамызға дейін
2013 - 2017 жылдар
2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін
5.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
2015 жылғы 15 қарашаға дейін
2016 - 2019 жылдар
2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін
6.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 жылғы 10 ақпанға дейін
2016 - 2019 жылдар
2016 жылғы 1 наурызға дейін
7.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
2010 жылғы 1 қазанға дейін
2011 - 2019 жылдар
2010 жылғы 1 қарашаға дейін
8.
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
2013 жылғы 30 қазанға дейін
2014 - 2019 жылдар
2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін