Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.04.2023 № 202 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 100-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев
Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
-
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі, төраға
Нығматулин
Нұрлан Зайроллаұлы
-
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Бекназаров
Бектас Әбдіханұлы
-
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары
Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Донақов
Талғат Советбекұлы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қожамжар
Қайрат Пернешұлы
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Майлыбаев
Бағлан Асаубайұлы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Шигео Катсу
-
"Назарбаев Университеті" ДББҰ президенті