Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 164
P000164_
"Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейiн суағардың үшiншi
желiсi құрылысын салу жобасын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" және
2000 жылғы 8 шiлдедегi N 1035 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999
жылғы 7 желтоқсандағы N 1872
P991872_
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы"
қаулыларына сәйкес бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30
желтоқсандағы N 715
V990715_
"2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттік
сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер
енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай
бюджеттiк сыныптамасына:
"7.3 Сумен жабдықтау" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен
толықтырылсын:
"7.3.131 Астана қаласының әкiмi
"7.3.131.33 Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейiн суағардың
үшiншi желiсi құрылысын салу жобасын iске асыру";
"10.4.218.50.30 Зайсан-Ертiс балық қорларын қорғау және балық аулауды
реттеу су айдыны басқармасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"10.4.218.50.30 Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Балқаш аймақтық
мекемесi";
"10.4.218.50.32 Орал-Каспий балық қорларын қорғау және оларды ұтымды
пайдалану жөнiндегi облысаралық су айдыны басқармасы" деген жол мынадай
редакцияда жазылсын:
"10.4.218.50.32 Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий
аймақтық мекемесi".
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.