Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 333 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы  N 340  Бұйрығымен

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 333  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4832 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Берілген бұйрықпен бекітілген 7-қосымшада:
      3-тармақта "пәндік емтихан тапсырады." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен: ", "Клиникалық ординатура" бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген үміткерлерден басқа.";

      Берілген бұйрықпен бекітілген 8-қосымшада:
      6-бағанда, реттік номері 11, жолдарда "N+1" қорытындыны комиссия береді" деген сөздер мен сандар "TCF 699-дан 200" деген сөздер мен сандарға алмастырылсын.

      2. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.