Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 189 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының»"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4773 тіркелген) енгізілген толықтырулармен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Әбдірахманов Н.А.):

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.