Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жылжымайтын мүлікке өзге де объектілерге құқықтарды тіркеу туралы өтініштің нысандарын және мазмұнын, тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізілгені туралы хабарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 236 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жылжымайтын мүлікке өзге де объектілерге құқықтарды тіркеу туралы өтініштің нысандарын және мазмұнын, тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізілгені туралы хабарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде N 4923 болып тіркелген, "Юридическая газетінде" 2007 жылы 19 қазандағы N 161 жарияланған (1364)), мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанында:
      "Өтініш берген күні:_________ 200__ж. Уақыты_____сағ______мин" деген жолдан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Жоспарлы орындау күні______________";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанында:
      тақырыбында "ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҮШІН" деген сөздің алдынан келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "____________________________________________________________";
      (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)
      "Өтініш берген күні:_________ 200__ж. Уақыты______сағ______мин" деген жолдан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Жоспарлы орындау күні_______________";
      2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                           3.Балиева