Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.07.2017 № 156 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      " Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2389 тіркелген, 2003 жылғы 2 тамыздағы N 31 "Официальная газетада" жарияланған, "Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі N 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3589 тіркелген, 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 "Юридическая газетада" жарияланған) өзгерістер енгізілген) өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      көрсетілген Нұсқаулыққа N 1 қосымшада:

      14-тармақтағы "16" деген сандар "21" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Б. Малғаждарова):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Дерновой

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


___________Б. Мұхамеджанов


2008 жыл