Ескерту. 2012.01.01 бастап күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.11.04 № 786 (6-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1,0 өтеу коэффициентімен, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) және мамандандырылған емдік өнімдерімен амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 0,5 өтеу коэффициентімен, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесін бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауға жіберсін.
4. "Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік тағам рецептер бойынша тегін әрі жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 376 бұйрығының (Қазақстан Республикасының N 4805 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 10 тамыздағы N 122 (1325) "Заң газетінде" жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 4 қыркүйектегі
N 446 бұйрығына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.08.12 № 532 (ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбектік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: |
||
Азаматтардың санаты |
Аурулардың түрлері |
Дәрілік заттардың атауы |
Нәресте 2 айға дейін |
Жаңа туу кезеңдегі аурулар (алдын-алу мен емдеу)* |
Ана мен балаға арналған дәрі-дәрмек қобдишасы |
1 жасқа дейінгі балалар |
Медициналық көрсетімдер бойынша ерте жастан жасанды немесе қоспалармен қоректендіру**,*** |
Емшек сүтіне бейімделген қоспалар |
Қабыну |
Амоксициллин, пероралды суспензия 250 мг/5 мл; |
|
Обструктивті бронхит |
Сальбутамол, 100 мкг/дозалы аэрозоль, 4 мг, капсула небулайзерге арналған ерітінді; |
|
Жіті респираторлы аурулар, Жіті бронхит |
Парацетамол, суспензия, ерітінді, ішілетін ұнтақ, 80 мг ембалауызы; |
|
Жіті фарингит/тонзиллит |
Амоксициллин, 250 мг/5 мл ішілетін суспензия; |
|
Жіті ішек жұқпалары (іш өту) |
Пероралды-электролитті ертінді дайындау үшін тұздар, ұнтақ; |
|
Мешел (алдын алу және емдеу) |
Эргокальциферол, майлы ерітінді; |
|
1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар |
Қабыну |
Амоксициллин+клавулан қышқылы, 375 мг таблетка; 156,25 мг/5 мл, 228,5 мг/5 мл, 312 мг/5 мл, 457 мг/5 мл ішілетін суспензия дайындауға арналған ұнтақ; |
Обструктивті бронхит |
Сальбутамол, 100 мкг/дозалы аэрозоль, 2 мг, 4 мг капсула, 20 мл небулайзерге арналған ерітінді; |
|
Жіті респираторлық аурулар |
Парацетамол, 200 мг, 500 мг таблетка, ерітінді, ішуге арналған ұнтақ, суспензия 100 мг, 150 мг, 250 мг ембалауыз; |
|
Жіті фарингит/тонзиллит |
Бензатин бензилпенициллин, 600 000 ӘБ инъекцияға арналған суспензияны дайындау үшін ұнтақ |
|
Жіті ішек жұқпалары (іш өту) |
Глюкозді-электролитті ерітінді дайындауға арналған тұздар, ұнтақ; |
|
Энтеробиоз |
Мебендазол, 100 мг шайнайтын таблетка |
|
Жүкті әйелдер |
Йод тапшылығы және темір тапшылығы анемиясы (алдын алу және емдеу) |
Бір компонентті және құрамдастырылған құрамында кем дегенде 30 мг темірі бар темір препараттары таблеткалар, капсулалар, дражелер |
Диспансерлік есепте тұратын балалар мен жасөспірімдердің аурулары |
Темір тапшылығы анемиясы |
Бір компонентті және құрамдастырылған құрамында 20 мг/мл аса темірі бар темір препараттары таблеткалар, капсулалар, дражелер |
Асқазан-ішек трактісі аурулары (асқазан және ұлтабар ойық жарасы, гастрит, дуоденит) |
Омепразол, 20 мг капсула; |
|
Қабыну |
Амоксициллин+клавулон қышқылы, 25 мг, 250 мг, 375 мг, 500 мг, 625 мг, 1000 мг таблетка; 156,25/ 5 мл; 228,5 мг/5 мл; 312,5 мг/5 мл; 457 мг/5 мл ішетін суспензия дайындау үшін ұнтақ; |
|
Созылмалы брохит |
Амброксол, 30 мг таблетка, 75 мг капсула, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл сироп, 7,5 мг/мл ерітінді; |
|
Бронх демікпесі |
Беклометазон, 100 мкг/дозалы, 250 мкг/дозалы аэрозоль; |
|
Барлық санаттар |
Органдарды ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай, гемопоэтикалық діңгекті жасушалардың |
Циклоспорин, 25 мг, 50 мг, 100 мг капсула; |
АҚТҚ - жұқтырған аналардан туған балалар; балалар және жүкті әйелдер |
ЖҚТБ, АҚТҚ - жұқпасы |
Зидовудин, 200 мл ішілетін ерітінді, 10 мг/мл инфузияға арналған қоюлық, 100 мг капсула, таблетка; |
Барлық санаттар |
Гипофизар ергежейлілігі, Шерешевский-Тернер синдромы |
Соматропин, 18 ХБ, 36 ХБ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға лиофилденген ұнтақ, 5 мг, 10 мг инъекцияға арналған ерітінді; |
Жыныстықтың ерте дамуы |
Трипторелин, 3,75 мг инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін ұнтақ; |
|
Фенилкетонурия |
Құрамында фенилаланины жоқ және аз мөлшерде арнайы өнімдер; |
|
Церебральды сал ауруы |
Вальпроев қышқылы, пролоногиралды әсері бар таблетка, капсулалар, пролонгиралды әсері бар гранулдар, драже 150 мг, 250 мг, 300 мг, 500 мг, сироп 100 мл 50 мг/мл (балаларға арналған); |
|
18 жасқа дейінгі азаматтар |
Гемофилия |
Фактор VIII концентрат, лиофилденген ұнтақ 250 МЕ; 500 МЕ; 1000 МЕ; |
Ересектер |
Бронх демікпесі |
Бекламетазон, 100 мкг/дозалы, 250 мкг/дозалы аэрозоль; |
Бейспецификалы ойықжаралы колит және Крон ауруы |
Месалазин, 0,25 мг таблетка; |
|
Барлық санаттар |
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғандағы онкологиялық аурулар |
Морфин, егуге арналған ерітінді ампулада 1%; |
Психикалық аурулар |
Диазепам, егуге арналған ерітінді ампулада 10 мг/2 мл, таблеткалар 5 мг, 10 мг; |
|
Эпилепсия |
Вальпрой қышқылы, пролонгирленген әсері бар таблеткалар, капсулалар, пролонгирленген әсері бар түйіршектер, драже 150 мг, 250 мг, 300 мг, 500 мг, шәрбат 100 мл 50 мг/мл (балалар үшін); |
|
Қантты диабет |
Глибенкламид, таблеткалар 3,5 мг, 5 мг; |
|
Қантсыз диабет |
Десмопрессин, таблеткалар 0,1 мг, 0,2 мг; |
|
Паркинсон ауруы |
Тригексифенидил, таблеткалар 2 мг; |
|
Бұлшық ет әлсіздігі |
Пиридостигмин, таблеткалар 60 мг; |
|
Ревматоидті артрит және дәнекер тіндердің жүйелік зақымдануы |
Метотрексат, таблеткалар 2,5 мг; |
|
Протезделген жүрек қақпақшалары бар сырқаттар |
Варфарин, таблеткалар 2,5 мг; |
|
Ұмытшақ склероз (созылмалы қайталмалы бағыттағы ауруларға) |
Интерферон - бета 1 а, 1 в, егуге арналған ертінді 6 млн. МЕ, 12 млн. МЕ, егуге арналған ертінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 9,6 млн. МЕ; |
|
Күшейтілген гломерулярлы аурулар |
Циклоспорин капсулалар 25 мг, 50 мг, 100 мг; Преднизолон, таблеткалар 5 мг; |
|
Гипофиздің гормонмен белсенді ісіктер |
Бромокриптин, 2,5 мг таблеткалар; |
|
Акромегалия (ЯМРТ диагнозына расталатын және құрамында өсу шегі гормонының көп болған жағдайда) |
Бромокриптин, 2,5 мг таблетка; |
|
Гипотиреоз Гипопаратиреоз Тиреотоксикоз |
Левотироксин, 25 мкг, 50 мкг, 75 мкг, 100 мкг, 125 мкг, 150 мкг таблетка; |
|
Гепато–церебралды дистрофия |
Пенициламин, 150 мг, 250 мг таблетка; |
|
Барлық санаттар |
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғандағы онкологиялық аурулар |
Цитарабин, лиофилизат/инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ 100 мг |
Психикалық аурулар |
Амисульприд, 100 мг, 200 мг таблетка, қабықшамен қапталған таблетка 400 мг |
|
2. Нысаналы ағымдағы трансферттер (субвенция) түрінде республикалық бюджет қаражаты |
||
Азаматтардың санаттары |
Аурулар түрлері |
Босатылатын препараттардың тізбесі |
Барлық санаттар |
Аутоиммундық бұзылулар (миастения) |
Иммуноглубулин G (адамдікі қалыпты) инфузияға арналған ерітінді 10% 100 мг/мл - 50 мл, 100 мг/мл - 20 мл |
Созылмалы бүйрек жетімсіздігі ренальдық анемиямен |
Эпоэтин альфа немесе бетта 2000 бірл/шприц түтік; |
|
Гематология (гемобластоздар және апластикалық анемия) |
Иматиниб 100 мг; |
|
Туберкулез |
DOTS-терапия схемалары бойынша препараттар; |
|
Қант диабеті |
Инсулин адамдікі қысқа әсерлі сауыттардағы инъекциялық ерітінді 100 бірл/мл; |
|
«В» және «С» Вирусты гепатиті |
Интерферон альфа 2в инъекциялық ерітінді 18 млн МЕ/3 мл (6 доза 3 млн МЕ); |
|
Гемофилия |
Фактор VIII концентрат, лиофилизирленген ұнтақ 250МЕ, 500МЕ, 1000 МЕ; |
|
АИТВ-инфекция, ЖИТС |
Зидовудин, капсулалар 250 және 100 мг, үлпек қабықшамен қапталған таблеткалар 300 мг, инфузиялық ерітінді құнарландырылған 10 мг/мл, ішке қабылданатын ерітінді 10 мг/мл (50 мг/5мл), сироп 200 мл; |
|
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер |
Кистоздық фиброз (муковисцидоз) |
Дорназа альфа, ингаляциялық ерітінді, 2,5 мл; |
Гоше ауруы |
Имиглюцераза, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 200 және 400 ЕД; |
|
Синдром Хантера (мукополисахаридоз) |
Ларонидаза, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, 100 ЕД/мл; |
* Жаңа туған нәрестелерге дәрі-дәрмек қобдиша бағдарлама әкімшісінің рұқсатымен және өнім жеткізуші және перзентхана арасындағы шарт уағдаластығы бойынша беріледі.
** бір жасқа дейін ерте жастан жасанды қоректендіруге ауыстыруға арналған абсолютті медициналық және әлеуметтік көрсеткіштер Тізбесі
*** баланы бір жасқа дейін ерте жастан жасанды/қоспалармен қоректендіруге ауыстыруға арналған салыстырмалы медициналық және әлеуметтік көрсеткіштер Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 4 қыркүйектегі
N 446 бұйрығына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.08.12 № 532 (ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбектік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Жүректің ишемиялық ауруы |
Метопролол, 50 мг, 100 мг таблетка |
Артериялық гипертензия |
Эналаприл, 2,5 мг, 5 мг, 10 мг таблетка, 1,25 мг/1 мл ампуладағы ерітінді |
Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы |
Фенотерол гидробромиді + ипратропий бромиді, 500 мкг + 250 мкг/мл ингаляцияға арналған ерітінді, 50 мкг + 21 мкг/дозалы аэрозоль; |
Қабыну |
Амоксициллин + клавулан қышқылы, 625 мг таблетка; |
Ойық жара ауруы |
Амоксициллин, 250 мг, 500 мг таблетка, 250 мг, 500 мг капсула, 250 мг/5 мл ішілетін суспензия; |
Созылмалы жүрек кемістігі |
Периндоприл, 4 мг, 5 мг, 8 мг, 10 мг таблетка; |
Аритмиялар |
Амиодарон, 200 мг таблеткалар; |