Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 43-48, 902-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде:
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      мемлекеттік тілдегі мәтінде:
      1-бөлімде 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Машинаның атауы және маркасы
      Наименование и марка машины
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________»;
      орыс тіліндегі мәтінде 4-тармақтағы «Зауыттық машинаның нөмірі» деген сөздер «Машинаның зауыттық нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінде 4-бөлімде, 2-бағандағы «жөндеуге жауапты» деген сөздер «жөндеудің түрі» сөздермен ауыстырылсын.
      2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министрдің м.а.                                    Е. Аман

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.