"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | В. Божко |
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына |
|
| 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 12.04.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану және диверсиялық-барлау топтарының іс-қимылдары кезіндегі ықтимал шабуыл жасалатын объектілердің қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.
2. Объектілердегі қарсыластың шабуылынан және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдарынан кейінгі ықтимал ахуалға қысқаша баға беру. Қарсыластың шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.
3. Қарсыластың шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан туындайтын тұжырымдар.
4. "Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
5. "Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
6. "Жалпы әзірлік" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
7. Азаматтық қорғауды басқару органдарын және халықты құлақтандыру. "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
8. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары.
9. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.
10. Медициналық көмек, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
11. Эвакуациялау іс-шаралары.
12. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
13. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құрамы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
14. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
15. Әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
16. Азаматтық қорғаныс жоспары мынадай масштабтағы топографиялық картада ресімделген графикалық бөлімнен тұрады: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 000, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000.
Азаматтық қорғаныс жоспарының мәтіндік бөлігі түсіндірме жазба түрінде ресімделеді.
17. Санатталған ұйымдар мен базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдардың (әрі қарай - ұйымдар) қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.
18. Қарсыластың шабуылынан және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдарынан кейінгі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау. Қарсыластың шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.
19. Қарсыластың шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан туындайтын қорытындылар.
20. "Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
21. "Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
22. "Жалпы әзірлік" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
23. Ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлерін құлақтандыру.
24. Инженерлік – техникалық Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары.
25. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.
26. Медициналық көмек, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
27. Эвакуациялау іс-шаралары.
28. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
29. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құрамы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
30. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
31. Объектінің тұрақтылығы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
32. Азаматтық қорғаныс жоспары картада (схемада) ресімделген графикалық бөлімнен тұрады.
Азаматтық қорғаныс жоспарының мәтіндік бөлігі түсіндірме жазба түрінде ресімделеді.
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жер бедері, климат, өсімдік, гидрография.
2. Әкімшілік-аумақтық бөлініс және елді мекендер.
3. Қатынас жолдары және көлік.
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау.
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Азаматтық қорғау іс-шараларына басшылық ету.
6. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы туралы азаматтық қорғаудың басқару органдарын құлақтандыру.
7. Төтенше жағдайлар қатері кезінде жүргізілетін іс-шаралар.
8. Төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін іс-шаралар.
9. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру.
10. Эвакуациялық іс-шаралар.
11. Өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
12. Мемлекеттік резервті пайдалану.
13. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шараларға мынадай қосымшалар әзірленеді:
1) азаматтық қорғаныс бастығының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері және туындауы кездегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары (еркін нысанда);
2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есебі түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);
3) Қазақстан Республикасындағы жер сілкіністері салдарын жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есебі түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);
4) бейбіт уақытқа арналған байланысты және құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы (еркін нысанда);
5) аумақтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыштығының картасы (еркін нысанда).