БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7375 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде 2012 ж., № 3 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғары көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электрондық есеп Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Тізілімнің веб-порталында орналасқан бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жасалады. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қол таңбасы қойылған осы Әдістеменің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты бар бір мұрағаттық файл қалыптастырылады;»;
қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік тізіліміне
есепке алу объектілері деректерін
енгізу пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттік мүлікке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргізудің бірыңғай
әдістемесіне 1-қосымша»;
осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Б.Сұлтанов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е.Досаев
2014 ж. 4 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 391 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке
алу объектiлерi деректерiн енгiзу
пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне 2-қосымша
Индекс: 1- АҚ
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей
Нысан
Р/с № |
Үй-жайдың атауы |
Мемлекеттік заңды тұлғалар қызметшілерінің саны |
Бекітілген нормативтерге сәйкес үй-жайдың алаңы (ш.м.) |
Үй-жайдың нақты алып отырған алаңы (ш.м.) |
Мемлекеттік заңды тұлғаны бекітілген нормативке сәйкес орналастыруға арналған қажетті алаң (ш.м.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бірінші басшы ______________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.
5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 391 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке
алу объектiлерi деректерiн енгiзу
пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне 3-қосымша
Индекс: 1- АА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей
Нысан
Р/с № |
Ғимараттың немесе үй-жайдың атауы |
Ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері |
Ғимараттың кадастрлік нөмері |
Ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) |
Мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру туралы мәліметтер |
Мемлекеттік заңды тұлғалардың алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың алаңы (ш.м.) |
|||
Ғимарат немесе үй-жай жедел жүргізу немесе шаруашылық басқару құқығында бекітілген |
Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардан жалға алынған |
Мемлекеттік емес заңды және/немесе жеке тұлғалардан жалға алынған |
Жалпы алаңы |
Пайдалы алаңы |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Бірінші басшы ______________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
«Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат»
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның 2-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың атауы көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында ғимараттың кадастрлік нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) көрсетіледі.
8. Нысанның 6, 7, 8-бағандарында мемлекеттік заңды тұлғаның орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. Нысанның 9, 10-бағандарында мемлекеттік заңды тұлға орналасқан ғимараттың немесе үй-жайдың алып отырған жалпы және пайдалы алаңы көрсетіледі.