Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 29.03.2018 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2015 № 1186 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін кезеңдік басылымдарда және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекетік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 29.03.2018 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – ҚТКТ) – олардың қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді, олардың сериялық нөмірін, күнін және қайтарып алу себептерін (жою) қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;
2) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
3) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СБҮТ) – трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;
4) тіркеу куәлігі – электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталық беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат;
5) тіркеу куәліктерінің төлнұсқалығын растау сервисі (Validation of Public Key Certificates, бұдан әрі – VPKC) – бір немесе бірнеше тіркеу куәліктерінің электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиісілілігін және растығын тексеруді жүзеге асыратын ҚР СБҮТ сервисі;
6) шетел мемлекетінің сенім білдірген үшінші тарапы (бұдан әрі – шетел мемлекетінің СБҮТ) – шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қолтаңба қойған тұлғаға қатысты белгіленген уақытта электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру қызметін атқару автоматты режимде жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;
7) электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру түбіртегі (бұдан әрі – түбіртек) ҚР СБҮТ ЭЦҚ куәландырылған және ЭЦҚ төлнұсқалығын растайтын электрондық құжат;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
9) электрондық цифрлік қолтаңбамен қолтаңба қойылған құжаттардың төлнұсқалығын растау сервисі (Validation of Digitally Signed Document, бұдан әрі – VSD) – ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеруді жүзеге асыратын ҚР СБҮТ сервисі;
10) XML (Extensible Markup Language (бұдан әрі – XML)) – кеңейтілетін белгілеу тілі) – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі.
3. ҚР СБҮТ-мен ақпарат алмасудың қатысушылары:
1) куәландырушы орталықтар;
2) шетел мемлекеттерінің СБҮТ;
3) ҚР СБҮТ-мен интеграцияланған ақпараттық жүйелердің пайдаланушылары болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының куәландырушы орталықтарында алынған тіркеу куәліктерін пайдаланумен қалыптастырылған ЭЦҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12864 болып тіркелген) Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларына (бұдан әрі – ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеру қағидалары) сәйкес ақпараттық жүйелермен тексеріледі.
Егер шетел мемлекеттерінің ақпараттық жүйесіне электрондық құжат жолданған жағдайда, шетел мемлекеттерінде ЭЦҚ төлнұсқалығын растау үшін ҚР СБҮТ Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінен сұрау салу негізінде түбіртек береді. ҚР СБҮТ түбіртекті берер алдында ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес ЭЦҚ және тіркеу куәлігін тексеруді жүзеге асырады, бұл ретте АЖ Заңның 10-бабы 1-тармағының 2),3) және 4) тармақшаларында көзделген тексерісті жүзеге асырады.
5. Шетел мемлекеттерінің куәландырушы орталықтарында алынған тіркеу куәліктерін пайдаланумен қалыптастырылған ЭЦҚ шетелдік ақпараттық жүйелерінің сұрау салуы негізінде ҚР СБҮТ тексереді.
6. ҚР СБҮТ мынадай шарттарды орындау кезінде шетелдік ЭЦҚ төлнұсқалығын тексереді:
1) тексерiлетiн электрондық құжат жеке немесе заңды тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған;
2) ҚР СБҮТ-ында шетел мемлекетінің СБҮТ немесе тексерілетін тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталығы тіркелген.
7. ЭЦҚ-ның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланушы немесе АЖ ҚР СБҮТ-қа мынадай сұрау салулардың бірін жібереді:
1) VSD электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;
2) VPKC электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес;
3) XML электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес.
ҚР СБҮТ көлемі 100 мегабайттан артық емес сұрау салуды қабылдайды.
8. Электрондық сұрау салудың, түбіртектің және түбіртектің негізгі деректемелерінің ақпараттық схемасының нысандары осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда келтiрiлген.
9. Куәландырушы орталықтан және (немесе) шетел мемлекетінің СБҮТ-нен алынған жауаптың негізінде ҚР СБҮТ Қазақстан Республикасының аумағында ЭЦҚ төлнұсқалығын растау үшін қажетті және жеткілікті болып табылатын түбіртек түрінде жауапты қалыптастырады.
10. ҚР СБҮТ-нің ЭЦҚ және/немесе тіркеу куәлігінің төлнұсқалығын растау тегін жүзеге асырылады.
11. ҚР СБҮТ-ден жауаптардың түрлері:
1) ЭЦҚ-ны оң тексеру жағдайында, "Тексерілді" ("Расталды") мәртебесі бар түбіртек;
2) ЭЦҚ-ны теріс тексеру жағдайында, "Тексерілмеді" ("Расталмады") мәртебесі бар түбіртек. Ақпараттық жүйенің пайдаланушысы "Тексерілмеді" деген мәртебесі бар түбіртекті алған кезде ақпараттық жүйенің құралдары арқылы тиісті хабарландыруды алады.
3) электрондық сұрау салудың құрылымы сәйкес болмағанда немесе ҚР СБҮТ-ында куәландырушы орталығының не шетел мемлекетінің СБҮТ-нің тіркеуі болмаған жағдайда, "Тексеру мүмкiн емес" ("Ашып жазылмаған", "қате", "бас тарту") деген мәртебесі бар түбіртек.
ЭЦҚ және (немесе) тіркеу куәлігінің төлнұсқалығын растау ҚР СБҮТ-де АЖ немесе пайдаланушы алған "Тескерілді" деген мәртебесі бар түбіртек болған жағдайда, куәландырылған болып есептеледі.
12. ҚР СБҮТ транзакцияның бірегей сәйкестендірулерін пайдалана отырып, деректер базасында алынған сұрау салулар туралы ақпаратты бес жыл ішінде сақтайды.
13. Сақтау мерзiмі өткен соң алынған сұрау салулар туралы ақпарат ҚР СБҮТ-ге архивті сақтауға түседi.
Қазақстан Республикасының сенім
№
р/с
Хабарлау алаңының атауы
Хабарлау алаңының түрі
Мағыналық мазмұны
Мiндеттiлiк
DVCSRequestInformation (сұрау)
1.
requestInformation->version
integer
Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1
Жоқ
2.
requestInformation->service
ServiceType
Сервистiң түрi. VSD–2
Ия
3.
requestInformation->nonce
integer
Резервтелген алаң (пайдаланылмайды)
Жоқ
4.
requestInformation->requestTime
DVCSTime
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)
Жоқ
5.
requestInformation->requester
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
6.
requestInformation->requestPolicy
PolicyInformation
Сұрау салу саясаты
Жоқ
7.
requestInformation->dvcs
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
8.
requestInformation->dataLocations
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
9.
requestInformation->extensions
Extensions
Қосымша ақпарат
Жоқ
10.
data
Data
Тексерілетін деректер
Ия
11.
transactionIdentifier
GeneralName
Транзакияның сәйкестендірігіші
Ия
Қазақстан Республикасының
№
р/с
Хабарлау алаңының атауы
Хабарлау алаңының түрі
Мағыналық мазмұны
Мiндеттiлiк
DVCSRequestInformation (сұрау)
1.
requestInformation->version
integer
Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1
Жоқ
2.
requestInformation->service
ServiceType
Сервистiң түрi. VPKC – 3.
Ия
3.
requestInformation->nonce
integer
Резервтелген алаң (пайдаланылмайды)
Жоқ
4.
requestInformation->requestTime
DVCSTime
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)
Жоқ
5.
requestInformation->requester
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
6.
requestInformation->requestPolicy
PolicyInformation
Сұрау салу саясаты
Жоқ
7.
requestInformation->dvcs
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
8.
requestInformation->dataLocations
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
9.
requestInformation->extensions
Extensions
Қосымша ақпарат
Жоқ
10.
data
Data
Тексерілетін деректер
Ия
11.
transactionIdentifier
GeneralName
Транзакияның сәйкестендірігіші
Ия
Қазақстан Республикасының
"urn:EEC:SignedData:v1.0:EDoc" elementFormDefault="qualified"
attributeFormDefault="unqualified">
schemaLocation=
"http://www.w3.org/TR/2002/REC-xmldsig-core-20020212/xmldsig-core-
schema.xsd#"/>
documentation>
documentation>
documentation>
documentation>
қолтаңба)
documentation>
түрлерінің құрылымы
сәйкестендіргіші
идентификаторы
№
р/с
Хабарлау алаңының атауы
Хабарлау алаңының түрі
Мағыналық мазмұны
Мiндеттiлiк
DVCSResponse(жауап), 1-жауаптың нұсқасы
1.
dvCertInfo->version
integer
Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1
Жоқ
2.
dvCertInfo->dvReqInfo
DVCSRequestInformation
Сұрау салу туралы ақпарат
Ия
3.
dvCertInfo->messageImprint
DigestInfo
Сұрау салудан ақпаратқа хэш-мағынасы
Ия
4.
dvCertInfo->serialNumber
Integer
Сұрау салудың бірегей сәйкестендіргіші
Ия
5.
dvCertInfo->responseTime
DVCSTime
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)
Ия
6.
dvCertInfo->dvStatus
PKIStatusInfo
Жауаптың мәртебесі
Жоқ
7.
dvCertInfo->policy
PolicyInformation
Жауаптың саясаты
Жоқ
8.
dvCertInfo->reqSignature
SignerInfos
Сұрау салудың қолтаңбасы
Жоқ
9.
dvCertInfo->certs
TargetEtcChain
Тіркеу куәліктері
Жоқ
10.
dvCertInfo->extensions
Extensions
Қосымша ақпарат
Жоқ
DVCSResponse(жауап), 2-жауаптың нұсқасы
1.
dvErrorNote->transactionStatus
PKIStatusInfo
Жауаптың мәртебесі
Ия
2.
dvErrorNote->transactionIdentifier
GeneralName
Транзакияның сәйкестендірігіші
Жоқ
Қазақстан Республикасының
elementFormDefault="qualified" attributeFormDefault="unqualified">
documentation>
/xs:documentation>
/xs:documentation>
documentation>
documentation>
блогы
documentation>
типі
documentation>
documentation>