"Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;
4) жергілікті атқарушы органдарды (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері) назарына осы бұйрық туралы жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Министр
Е. Досаев
Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 09.03.2023 № 100-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с Өңір 1 мың адамға шаршы метр1
Абай облысы
621
2
Ақмола облысы
706
3
Ақтөбе облысы
453
4
Алматы қаласы
545
5
Алматы облысы
220
6
Астана қаласы
722
7
Атырау облысы
745
8
Батыс Қазақстан облысы
705
9
Жамбыл облысы
445
10
Жетісу облысы
201
11
Қарағанды облысы
454
12
Қостанай облысы
762
13
Қызылорда облысы
542
14
Маңғыстау облысы
723
15
Павлодар облысы
674
16
Солтүстік Қазақстан облысы
770
17
Түркістан облысы
474
18
Ұлытау облысы
750,3
19
Шығыс Қазақстан облысы
521
20
Шымкент қаласы
474
21
Қазақстан Республикасы
621