"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
С. Омаров
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 08.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстар үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінген аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықта (бұдан әрі – қауымдастық) есепке алынуға және тіркелуге жатады.
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 08.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды (бұдан әрі – аңшы жыртқыш құстар) есепке алу мен тіркеу жүргізуді қауымдастық жүзеге асырады.
4. Аңшы жыртқыш құсты есепке алу және тіркеу үшін:
1) аңшы жыртқыш құстың түрі, оның жынысы, туған жылы, қолда ұстаудың болжамды кезеңі, аңшы жыртқыш құстың сатып алынған жері және тәсілі, сақиналарының немесе микрочиптерінің болуы, өтініш берушінің паспорттың деректері мен мекенжайы көрсетілген, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;
2) аңшы жыртқыш құстың сатып алыну заңдылығын растайтын құжаттар (алуға рұқсаттың, сатып алу-сату шартының, түбіртектің және (немесе) төлем құжатының көшірмелері) және бұрынғы иесінің атына ресімделген аңшы жыртқыш құстың паспорты;
3) аңшы куәлігінің көшірмесі;
4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің*) көшірмесі.
Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
5. Шыққан жерінде тұратын аңшы жыртқыш құстардың паспорттарын ресімдеу дүниеге келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін, бірақ олармен аң аулау басталудан кешіктірілмей жүргізіледі.
Паспорт аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық) дайындайтын аңшы жыртқыш құстардың тұрақты түрде қолда ұсталуының заңдылығы мен оның тіркелуін куәландыратын құжат.
6. Қауымдастық аңшы жыртқыш құстар түрінің (жынысының, жасының) сәйкестігін және олардың сипаттамасын, оларға салынған ендерді, аңшы жыртқыш құстарды бағып-күту жағдайының болуын тексереді. Аңшы жыртқыш құстар тұрақты түрде қолда ұстау үшін алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгілейді.
7. Аңшы жыртқыш құсты тіркеу ол заңсыз олжаланған немесе заңсыз сатып алынған жағдайларда жүргізілмейді.
8. Аңшы жыртқыш құстың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген паспортын қауымдастық өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.
9. Әрбір аңшы жыртқыш құсқа, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы жыртқыш құсты есепке алу карточкасы толтырылады.
10. Аңшы жыртқыш құс пен оның иесі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы жыртқыш құстарды тіркеу журналына енгізіледі.
11. Тіркелген аңшы жыртқыш құс аңшылық үшін пайдаланылған жағдайда аңшы жыртқыш құстың түрі, алынбайтын сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, паспортының нөмірі көрсетіліп, аңшы куәлігіне жазба жүзеге асырылады.
12. Аңшы жыртқыш құс иесінің тұрғылықты жері ауысқан немесе иесі ауысқан жағдайда оның иесі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекенжайды өзгерту және (немесе) паспортты қайта ресімдеу үшін қауымдастыққа құжаттар береді.
Аңшылықта пайдаланылатынНысан
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 08.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кімге _____________________________________________________________________
(қауымдастықтың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты,
__________________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
__________________________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Аңшы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын
Аңшы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы ______________________________
Ұстау мақсаты және орны ____________________________________________________
Ие болу тәсілі ______________________________________________________________
Алынбайтын сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер _________
20 __ жылғы ______________________ ________________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, аты, әкесінің аты, тегі)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
Аңшылықта пайдаланылатын аңшыНысан
(НӨМІР)
Түрдің атауы:
(қазақша) _______________________________
(ғылыми) ________________________________
Жынысы ______ Туған жылы _________________
Сақинасы (алынбайтын) ____________________
Микрочипі ________________________________
Айырықша белгілері _______________________
Аңшы жыртқыш кұстың шығу тегі
__________________________________________
Иесі _____________________________________
Иесінің құжаты ___________________________
нөмірі _______ берілді ___________________
Аңшы жыртқыш құстың тіркелу күні мен
нөмірі ___________________________________
"Аңшы жыртқыш құстың паспортын" берген
ұйым _____________________________________
_________________________________ (қолы)
(мөр орны)
(НОМЕР)
Название вида:
(русское) _________________________________
(научное) _________________________________
Пол ____ Год рождения _____________________
Кольцо (несъемное) ________________________
Микрочип __________________________________
Особые приметы ____________________________
Происхождение птицы _______________________
Владелец __________________________________
Документ владельца ________________________
номер _______ выдан _______________________
Дата и номер регистрации ловчей хищной
птицы _____________________________________
Организация, выдавшая "Паспорт ловчей
хищной птицы"
___________________________________________
_________________________________ (подпись)
(место печати)
(НОМЕР)
Name of species:
(English) ______________________________
(scientific) ___________________________
Sex _________ Birth date _______________
Ring ________Microchip _________________
Special marks __________________________
Origin of the bird _____________________
Name of owner __________________________
Document of owner ______________________
number ________ issued _________________
Date of registration of the bird
________________________________________
Authorized agency ______________________
____________________________ (signature)
(stamp)
Адрес Адрес Address
___________________________________________
___________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
______________________________________________________________________________________
___________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________
ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫҢ ПАСПОРТЫ
ПАСПОРТ ЛОВЧЕЙ ХИЩНОЙ ПТИЦЫ
PASSPORT OF BIRD OF PREY
Нысан
Түрдің атауы ________________________________________________________
(қазақша, орысша, ғылыми)
Жынысы ________________ Туған жылы __________________________________
Сақинасы (алынбайтын) _______________________________________________
Микрочипі ___________________________________________________________
Айрықша белгілері ___________________________________________________
Аңшы жыртқыш құстың шығу тегі _______________________________________
Аңшы жыртқыш кұс алынған рұқсаттың нөмірі ___________________________
Иесі ________________________________________________________________
Иесінің құжаты ______________________________________________________
нөмірі ________________ берілді _____________________________________
Иесінің мекенжайы ___________________________________________________
Аңшы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі ____________\____________
Аңшы жыртқыш құстың паспорттың нөмірі _______________________________
Паспортты алдым. Иесі _______________________________________________
(қолы)
Карточканы толтырған адамның қолы ___________________________________
Аңшылықта пайдаланылатын аңшыНысан
Жазба нөмірі
Аңшы жыртқыш құстарды есепке алу карточкасының нөмірі
Аңшы жыртқыш құс паспортының нөмірі
Құстың түрі
Сақина, микрочип нөмірі
Иесі (аты, әкесінің аты (бар кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Иесінің мекен-жайы
Тіркелген күні
1
2
3
4
5
6
7
8