Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 01.07.2021 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 19 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 27 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 наурыз
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 02.08.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Көрсеткіштер
Экологиялық апат
Төтенше экологиялық жағдай
Салыстырмалы орташа жағдай
Негізгі көрсеткіштер
Топырақ бетінен 1 метр (бұдан әрі – м) деңгейдегі техногенді радионуклидтерден түскен эквиваленттік доза қуатының аядан асуы, сағатқа микрозиверт (бұдан әрі – мкЗв/сағ)
0,57-ден астам
0,57-0,11
кемінде 0,11
*Радиоактивті ластану (алаңдық белсенділік), шекті мәндер
цезий-137, кБк/м2
400-ден астам
400-75
кемінде 75
стронций-90, кБк/м2
630-дан астам
630-120
кемінде 120
плутоний-238, плутоний (239+240) (изотоптар жиынтығы), кБк/м2
2080-нен астам
2080-410
кемінде 410
америций-241, кБк/м2
2500-ден астам
2500-490
кемінде 490
Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші (бұдан әрі – Zс)
128-ден астам
128-32
кемінде 32
Қосымша көрсеткіштер
1 килограмм (бұдан әрі – кг) топырақтағы гельминттер жұмыртқаларының мөлшері
100-ден астам
100-10
кемінде 10
1 грамм (бұдан әрі – г) топырақтағы патогенді микроорганизмдердің саны
106-дан астам
106-105
кемінде 105
**Коли-титр
кемінде 0,001
0,01-0,001
0,01-ден астам
Ескертпелер:
* Алаңдық белсенділіктен үлестіге ауысу үшін мына параметрлер қолданылады – тереңдігі 5 см топырақ қабаты, топырақ тығыздығы – 1,3 кг/дм3)
Бірнеше радионуклидтер болған жағдайда мына шарттар сақталуы керек:
– экологиялық апат,
– төтенше экологиялық жағдай,
– салыстырмалы орташа жағдай, мұндағы:
ACs-137 – цезий-137 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
ASr-90 – стронций-90 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
APu-238,(239+240) – плутоний-238 және плутоний-(239+240) (изотоптар жиынтығы) радионуклидтерінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
AAm-241 – америций-241 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
AшмCs-137 – кестеде көрсетілген цезий-137 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмSr-90 – кестеде көрсетілген стронций-90 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмPu-238,(239+240) – кестеде көрсетілген плутоний-238 және плутоний-(239+240) (изотоптар жиынтығы) радионуклидтерінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмAm-241 – кестеде көрсетілген америций-241 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері.
** топырақ үшін коли-титр – граммен ішінде 1 ішек таяқшасы болатын топырақтың ең аз массасы.
1) Жердің бұзылуы.
Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы;
салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м);
жер кертпешінің еңістік бұрышы (градус);
жердің дитологиялық құрылысының бұзылуы;
0-30 см және 0-100 см қабатта органогендік қабат пен қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен әлеуетті құнарлы жыныстың болуы;
жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы.
Жер беті және жер асты суларының сипаттамасы:
жер асты суының деңгейі (м);
сулардың минералдануы (г/л);
су жайылуының ұзақтығы (ай).
2) Физикалық (егіншілік) азып-тозу.
Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады:
гранулометриялық құрамы;
жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см3;
текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см3/г;
тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г.
Топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы:
агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы;
құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері.
Топырақтың су-физикалық параметрлері:
су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік);
негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі;
бөртуі.
3) Аграрлық тозу.
Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады:
топырақ бейініндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %;
бастапқы рН мөлшерден рН%;
физикалық батпақтың кемуі (%);
қарашіріндінің сапалық құрамы;
негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы;
қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі;
катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы.
Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады:
лайлы фракцияның минералогиялық құрамы;
белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны);
фитоуыттылығы;
топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі;
топырақ мезофаунасының биомассасы;
биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %);
шымтезектің түзілуі (мм/жыл).
4) Эрозия.
Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.
4.1. Су эрозиясы.
1) Жазықтық эрозиясы
Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
топырақ бейіні қуатының азаюы (А+В), %;
топырақ бейінінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %;
топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі;
топырақ массасының жоғалуы, т/га/жыл;
ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы;
эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %;
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі;
құнарлы заттар қорының кемуі;
шаю жылдамдығы;
жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.
2) Сызықтық эрозия
Сызықтық эрозияның диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
аумақтың жыралармен бөлінуі (км/км2);
жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см;
топырақ массасының жоғалуы (т/га/жыл);
жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі.
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
жыраның тереңдігі;
алаңының бірлігіне келетін жыра саны;
алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы;
жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.
4.2. Жел эрозиясы.
Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см;
жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %;
жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %;
азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %;
қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %;
қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %.
Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады:
дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы;
"А+В қарашірінді шегі қуатының кемуі";
гранулометриялық құрамның жеңілдеуі;
шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.
5) Тұздану.
Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%);
уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г топыраққа;
тұздалған жер алаңының артуы, жылына %;
ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН).
Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.
6) Сортаңдану.
Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен);
алмасатын магний құрамының артуы (КАС %-бен);
ортаның реакциясы (рН).
Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.
7) Батпақтану.
Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады:
топырақ суларының деңгейін көтеру, м;
су жайылуының ұзақтығы (ай);
топырақ суларының минералдануы (г/дм3).
Қосымша бейіннің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.
Көрсеткіштер
Тозу деңгейі
0 (өте
әлсіз)
1 (әлсіз)
2 (орташа)
3 (көтерілген)
4 (жоғары)
1
2
3
4
5
6
Абиотикалық үйіндінің қуаты, см
<2
2-10
11-20
21-40
>40
Беткі қабатына қатысты (тұтастығы бұзылмаған) ойылу тереңдігі (см)
<20
20-40
41-100
101-200
>200
Физикалық саз өлшерінің шамаға азаюы, бастапқыдан %*
<5
5-15
16-25
26-32
>32
Топырақтың жыртылатын қабаты тұтастығының тең салмақты тығыздығының артуы, бастапқы мөлшерден %*
<10
10-20
21-30
31-40
>40
Тұрақты құрылымдық (жарылуды есепке алмағанда, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г
>0,2
0,2-0,11
0,1-0,06
0,05-0,02
<0,02
Текстуралық кеуектілік (агрегатішілік), см3/г
>0,3
0,3-0,26
0,25-0,2
0,19-0,17
<0,17
Сүзу коэффиценті, м/тәулік
>1,0
1,0-0,3
0,29-0,1
0,09-0,01
<0,01
Тастақтылығы, жамылғының %-ы
<5
5-15
16-35
36-70
>70
Топырақтық бейіні қуатының төмендеуі (А+В), бастапқыдан %*
<3
3-25
26-50
51-60
>60
Топырақ бейінінде қарашірінді шегі қуатының азаюы (А+В), бастапқыдан %*
<10
10-20
21-40
41-60
>60
Микроэлементтер (Мn, Со, Мо, В, Сu, Fе, Zn) құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен %
<10
10-20
21-40
41-80
>80
Жылжымалы фосфор құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен %
<10
10-20
21-40
41-80
>80
Алмасатын калий құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен %
<10
10-20
21-40
41-80
>80
Топырақ ортасындағы РН-тың өзгеруі, орташа көрсеткіштен %
<10
10-15
16-20
21-25
>25
Топырақ массасының шығыны т/га/жыл
<5
5-25
26-100
101-200
>200
Ашылған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төсеме жыныстың (D) алаңы, жалпы алаңнан %
0-2
3-5
6-10
11-25
>25
Эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %
<0,5
0,5-1,0
1,1-2,0
2,1-5,0
>5,0
Беткі қабатқа қатысты шайылу және су қазуының тереңдігі, см
<20
20-40
41-100
101-200
>200
Аумақтың жыралармен бөлінуі, км/км2
<0,1
0,1-0,3
0,4-0,7
0,8-2,5
>2,5
Құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см
<2
2-10
11-20
21-40
>40
Жерді пайдаланудан шығарылған табиғи алқаптардың алаңы (өсімдік өспеген), жалпы алаңнан %
<10
10-30
31-50
51-70
>70
Жайылымдық өсімдіктің жобалық жамылғысы, аймақтықтан %
>90
90-71
70-51
50-10
<10
Тозған жайылымдар алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына %
<0,25
0,25-1,0
1,1-3,0
3,1-5,0
>5
Жылжымалы құмдар алаңы, жалпы алаңнан %
0-2
3-5
6-15
16-25
>25
Жылжымалы құмдар алаңының ұлғаюы, жылына %
<0,25
0,25-1,0
1,1-2,0
2,1-4,0
>4
Жоғарғы құнарлы қабаттағы уытты тұздар сомасының құрамы (%):
- соданың қатысуымен
<0,1
0,1-0,2
0,21-0,3
0,31-0,5
>0,5
- тұзданудың сульфатты, хлоридті-сульфатты типі кезінде
<0,3
0,3-0,6
0,61-1,0
1,1-2,0
>2,0
- тұзданудың хлоридті, сульфатты-хлоридті типі кезінде
<0,2
0,2-0,5
0,51-0,7
0,71-1,0
>1,0
- тұзданудың содалы, хлоридті-содалы, сульфатты-содалы, содалы-сульфатты, содалы-хлоридті типі кезінде
<0,1
0,1-0,4
0,41-0,6
0,61-0,8
>0,8
- тұзданудың басқа түрлері үшін
<0,1
0,1-0,25
0,26-0,5
0,51-0,8
>0,8
Уытты сілтіліктің артуы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г топыраққа
<0,7
0,7-1,0
1,1-1,6
1,7-2,0
>2,0
Тұзданған топырақ алаңының артуы, жылына %
0-0,5
0,51-1,0
1,1-2,0
2,1-5,0
>5,0
Алмасу натрий құрамының артуы (КАС-тан %-бен):
- құрамында < 1% натрийі бар топырақ үшін
- басқа топырақ үшін
<1,0
<5,0
1,0-3,0
5,0-10,0
3,1-7,0
10,1-15,0
7,1-10,0
15,1-20,0
>10,0
>20,0
Алмасатын магний құрамының артуы (КАС-тан %)
<40
40-50
51-60
61-70
>70
3 г/дм3, м дейін минералданумен жер асты сулары деңгейінің жиналу тереңдігі, м
- гумидті аймақта
>1,0
1,0-0,81
0,80-0,61
0,60-0,30
<0,30
- жартылай шөлейтті, шөлейтті аймақтарда
>3,0
3,0-2,0
1,99-1,5
1,49-1,0
<1,0
- далалық аймақта
>4,0
4,0-3,1
3,0-2,1
2,0-1,0
<1,0
Минералданған (>3 г/л) жер астындағы сулар деңгейінің жату тереңдігі, м
>7,0
7,0-5,1
5,0-3,1
3,0-2,0
<2,0
Су басу ұзақтығы (беткі ылғалдану), ай
<3
3-6
6-12
12-18
>18
Ескертпе:
* бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.