Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы;
2) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға баламалы көлемде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;
3) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) – энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
4) энергетикалық ресурстар – қордағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
5) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;
6) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
7) энергия үнемдеу аймағы – энергия ресурстарын тұтынатын және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілері болып табылатын технологиялық процестің, жабдықтың және оның қамтамасыз ету жүйесінің негізгі және қосалқы бөлігі, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың сапа менеджменті жүйесінің іс-шаралары;
8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі − энергия менеджменті) − энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және объектінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) осы талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді және оны бекіту мерзімі көрсетіле отырып, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысы бекітеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Іс-шаралар жоспарына толықтырулар мен (немесе) өзгерістер оны бекіту және қайта бекіту мерзімін көрсету арқылы Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысымен бекітіледі.
5. Іс-шаралар жоспары шартты түрде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілеріне, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдық іс-шараларына, сондай-ақ өнім, үйлер, ғимараттар мен құрылыстар алаңы бірлігіне энергия ресурстарын және суды тұтыну көлемдерін төмендету бойынша талаптарға сәйкес келетін энергия үнемдеу аймақтарына бөлінген.
6. Іс-шаралар жоспарының әрбір ұстанымына, сондай-ақ энергия ресурсының түріне код және реттік нөмір беріледі. Іс-шара коды іс-шара мен энергетикалық ресурс түрінің қысқартылған атауын білдіреді.
7. Іс-шаралардың орындалу мерзімін Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері өздігінен белгілейді.
8. Әрбір энергия үнемдеу аймағы бойынша және жалпы бүкіл Іс-шаралар жоспары бойынша іс-шараларды іске асыруға жоспарлан шығыстардың қорытынды мәндері анықталады.
9. Іс-шаралар жоспары осы Талаптарға қосымшаға сәйкес 1-кесте, 2-кесте және 3-кестеден тұрады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1127 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.10. Іс-шаралар жоспарының 1-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) 1-кестенің 1-бағаны (Код және нөмір) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс-шараның екі немесе үш таңбалы саннан тұратын реттік нөмірі;
2) 1-кестенің 2-бағаны (Іс-шаралар) – сөздері мен атаулары қысқармаған іс-шараның толық атауы;
3) 1-кестенің 3-бағаны (Іске асыру кезеңі (бастап - дейін) – іс-шараны іске асыру кезеңі ай мен жылды білдіретін сан түрінде толтырылады (мысалы - 09.16 бастап 09.17 дейін). Орындалу мерзімі көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;
4) 1-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Жоспарланған шығыстар) – жоспарланған қаржы шығыстары миллион теңгемен көрсетіледі. Жоспарланған шығыстар көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;
5) 1-кестенің 9-бағаны (Өлшем бірліктері) – үнемделуі осы іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;
6) 1-кестенің 10, 11, 12, 13, 14-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 1-кестенің 9-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721);
7) 1-кестенің 15-бағаны (Өтелу мерзімі) – осы іс-шараны енгізген кездегі өтелу мерзімі;
8) 1-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – осы іс-шараның орындалғанын растайтын құжаттар бойынша мәліметтер. Растайтын құжаттардың көшірмелері осы Іс-шаралар Жоспарының қосымшалары болып табылады. Егер іс-шаралар бірнеше жұмыстардың негізінде немесе бірнеше ұйымдарды тарта отырып орындалса, онда әрбір растайтын құжат бойынша деректер көрсетіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1127 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.11. Іс-шаралар жоспарының 2-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) 2-кестенің 2-бағаны (Энергетикалық ресурстың атауы) – үнемделуі іс-шараны жүзеге асыру нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың атауы;
2) 2-кестенің 3-бағаны (өлшем бірлігі) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;
3) 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 2-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі;
4) 2-кестенің 9, 10, 11, 12, 13-бағандары (Жоспарланған үнемділік, млн. теңге) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеуі (2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары) ақшалай баламадағы жоспарланған үнемділігі миллион теңге;
5) 2-кестенің 14-бағаны (максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы) – максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы электр энергиясына (кВтч), жылу энергиясына (Гкал*сағ) және судың жұмсалуына (м3/сағ) жатады;
6) 2-кестенің 15-бағаны (Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті) – энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуетінің өткен жылдағы осы энергетикалық ресурсты тұтынуға қатысты өзара қатынасын пайызбен қарастырады.
7) 2-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы және қортындының нөмірі мен күндері көрсетіле отырып, энергия аудитінің қорытындысы бойынша деректер.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1127 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.11-1. Іс-шаралар жоспарының 3-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) 1-кестенің 1-бағаны (Коды және нөмірі) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс–шараның екі немесе үш таңбалы сан түріндегі реттік нөмірі;
2) 3-кестенің 2-бағаны (Үлесті көрсеткіштің атауы) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланатын энергетикалық ресурстың атауы;
3) 3-кестенің 3-бағаны (Ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі) - ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (мысалы - кВтс/т, Гкал/м2);
4) 3-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Өнiм/аудан бiрлiгiне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған төмендеу көлемі) – өнім/аудан бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 3-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі.
Ескерту. 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1127 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.12. Іс-шаралар жоспарының электрондық түрі Microsoft Excel кестелік редакторында жасалады.
Энергия үнемдеу және энергияНысан
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-кестеКод және нөмір
Іс-шаралар
Іске асыру кезеңі (бастап және дейін)
Жоспарланған шығыстар, млн. теңге
Өлшем бірлігі
Энергетикалық ресурстарды заттай түрде тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Энергия үнемдеу аймағы: Электрмен жабдықтау және жарықтандыру
ЭЖжЖ.01
ЭЖжЖ.02
ЭЖжЖ.03
…
Жиыны:
Барлығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Жылумен жабдықтау және жылыту
ЖЖжЖ.01
ЖЖжЖ.02
ЖЖжЖ.03
…
Жиыны:
Барлығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Желдету, салқындату, ылғалдандыру
ЖСЫ.01
ЖСЫ.02
ЖСЫ.03
…
Жиыны:
Барлығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Сумен жабдықтау және су бұру
СС.01
СС.02
СС.03
…
Жиыны:
Барлығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Технологиялық құрал-жабдық
ТҚ.01
ТҚ.02
ТҚ.03
…
Жиыны:
Барлығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер
ЕҚ.01
ЕҚ.02
ЕҚ.03
…
Жиыны:
Барлығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Энергия менеджменті
ЭМ.01
ЭМ.02
ЭМ.03
…
Жиыны:
Барлығы:
Энергия үнемдеу аймағы: Персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру
ҚБА.01
ҚБА.02
ҚБА.03
…
Жиыны:
Барлығы:
Жоспар бойынша жиыны
Жоспар бойынша барлығы
Кестенің жалғасы
Өтелу мерзімі, жыл
Орындалу туралы белгі
15
16
Энергия үнемдеу аймағы: Электрмен жабдықтау және жарықтандыру
Энергия үнемдеу аймағы: Жылумен жабдықтау және жылыту
Энергия үнемдеу аймағы: Желдету, салқындату, ылғалдандыру
Энергия үнемдеу аймағы: Сумен жабдықтау және су бұру
Энергия үнемдеу аймағы: Технологиялық құрал-жабдық
Энергия үнемдеу аймағы: Есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер
Энергия үнемдеу аймағы: Энергия менеджменті
Энергия үнемдеу аймағы: Персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру
2-кесте
№
Энергия ресурсының атауы
Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі (ш.о.т.)
Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеуінің жиынтық көлемі (ш.о.т.)
Жоспарланған үнемдеу, млн. теңге
20_
20_
20_
20_
20_
20_
20_
20_
20_
20_
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1
2
3
…
Барлығы (ш.о.т.):
Кестенің жалғасы
Жоспарланған үнемдеу көлемі,
млн. теңге
Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті
(%)
Орындалу туралы белгі
14
15
16
1. Іс-шаралар кодының мәні:
1) ЭиОс. - электрмен жабдықтау және жарықтандыру;
2) ЖЖжЖ. - жылумен жабдықтау және жылыту;
3) ЖКЫ. - желдету, кондиционерлеу, ылғалдандыру;
4) СЖСБ. - Сумен жабдықтау және су бұру;
5) ТЖ. - технологиялық жабдық;
6) ПУ. - есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер;
7) ЭМ. - энергоменеджмент;
8) ДБ. - қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
9) КО. - қатты отын;
10) Газ. - газ;
11) СО. - сұйық отын;
12) ЭЭ. - электр энергиясы;
13) ЖЭ. - жылу энергиясы;
14) с. - су;
15) ш.о.т. - бір тонна шартты отын.