Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 316-бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Статистика комитетінің төрағасы | |
__________ Ә. Смайылов | |
2015 жылғы 8 мамыр |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 340 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
Индексі: № 1-ОБЗ нысан
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне
Тапсыру мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей
Р/с | Заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы | Күні | ОБЗ* шығаратын ел | ОБЗ атауы мен химиялық формуласы | Алып келінген ОБЗ мөлшері, кг | Шығарылған ОБЗ мөлшері, кг | Сатып алушы ұйымдардың атауы мен орналасқан жері | Болжанатын қолданылу салалары | Іске асырылған ОБЗ мөлшері, кг 10 бағ. = Х**+(6 бағ. - 7-бағ.) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
*озонды бұзатын заттар
**Х – есепті жыл басындағы өткен жылдың ОБЗ мөлшерінің қалдығы
Ескертпе: толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанының Қосымшасында көрсетілген.
Атауы ________________________________ Мекенжайы_____________________
________________________________ Телефон ______________________
________________________________ Электрондық мекенжайы_________
Орындаушының тегі және телефоны ________________ Телефон ____________
Басшы ________________________________
(Т.А.Ә. қолы) _______________________________________________________
Бас бухгалтер ________________________
(Т.А.Ә. қолы) _______________________________________________________
М.О.
(бар болған жағдайда)
| Қосымша |
1. Қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтердің нысаны (бұдан әрі - Нысан) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 316-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Нысанын озонды бұзатын заттарды (бұдан әрі - ОБЗ) әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей ұсынады.
3. Нысан келесідей түрде толтырылады:
"Р/с №" деген 1-бағанда тізім бойынша реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбеуі қажет;
"Заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы" деген 2-бағанда ОБЗ әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің толық атауы көрсетіледі;
"Күні" деген 3-бағанда 6, 7-бағандарда қарастырылған ОБЗ әкелу немесе әкету күні көрсетіледі;
"ОБЗ шығаратын ел" деген 4-бағанда ОБЗ қандай елден шығарылатыны көрсетіледі;
"ОБЗ атауы мен химиялық формуласы" деген 5-бағанда ОБЗ атауы мен химиялық формуласы көрсетіледі;
"Әкелінген ОБЗ мөлшері, кг" деген 6-бағанда елге әкелінген ОБЗ мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
"Әкетілген ОБЗ мөлшері, кг" деген 7-бағанда елден әкетілген ОБЗ мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
"Сатып алушы ұйымдардың атауы мен орналасқан жері" деген 8-бағанда ОБЗ сатып алушы ұйымдардың атауы мен орналасқан жері көрсетіледі;
"Болжанатын қолданылу салалары" деген 9-бағанда ОБЗ қолданылатын салалар көрсетіледі;
"Іске асырылған ОБЗ мөлшері, кг, 10 бағ. = Х + (6 бағ. - 7-бағ.)" деген 10-бағанда өткен жылдан қалған ОБЗ мөлшері қалдығын есепті жылдың басына қосу және "Әкелінген ОБЗ мөлшері, кг" деген 6-бағаннан "Әкетілген ОБЗ мөлшері, кг" деген 7-бағанды алып тастау арқылы есептелетін іске асырылған ОБЗ мөлшері (килограммда) көрсетіледі.