Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыратын инвестициялық келісімшарт жасау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 51 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 наурызда № 9232 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 20 қарашада № 227 (27848) болып жарияланған);
2) "Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт жасау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 273 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 10140 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 ақпанда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 585 бұйрығымен бекітілген |
1. "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін кызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін кызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерін беру көрсетiлетiн қызметті берушімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасасу болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 мамырда № 11216 тіркелген) "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманымен тіркеу нөмірі және күн көрсетілген өтінімді қабылдау және тіркеу;
2) Инвестициялық преференциялар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) өтінім тіркелген сәтінен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің өтінімін қарастыруы;
3) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабымен белгiленген талаптарға құжаттарына сәйкес келген жағдайда, құжаттарды қарастырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметті берушінің басшысының Келісімшарт жасасу туралы бұйрық қабылданады;
4) Келісімшарт жасасу туралы бұйрықты қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Басқарма Келісімшарт жобасын дайындау;
5) тараптармен қол қойылған келісімшартты бес жұмыс күнi iшiнде тiркеу;
6) тіркелген Келісімшартты көрсетілетін қызметті алушуға беру.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.02.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мына рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің іс-қимыл нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының Басқармаға қарастыру үшін қарары;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығы;
4) Келісімшарт жобасын дайындау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің Келісімшартты тіркеуі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсететін қызметті берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;
2) Басқарма басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) кеңсенің маманы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) он бес минуттың ішінде кеңсе маманымен тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген құжаттар тіркеліп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары құжаттарды үш сағат ішінде Басқарма басшысына береді;
3) Басқарма басшысы бір сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтап, құжаттарды қарастыруға береді;
4) жауапты орындаушы өтінім тіркелген сәтінен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабымен белгiленген талаптарға құжаттары сәйкес келген жағдайда, көрсетілген қызметті берушінің басшысы құжаттар қарастырылған қорытынды бойынша екі жұмыс күні ішінде Келісімшарт жасасу туралы бұйрықты қабылдауды;
6) жауапты орындаушы Келісімшарт жасасу туралы бұйрық қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Келiсiмшарт жобасын қол қоюға дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;
7) тараптармен қол қойылған Келісімшарт жобасы бес жұмыс күнi iшiнде тiркеледі;
8) жауапты орындаушы Келісімшар тіркелген күнді оны кеңсе маманына береді;
9) кеңсе маманы тіркелген Келісімдшартты көрсетілетін қызметті алушуға береді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.02.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды ұсынуды көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.02.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
