Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.05.2018 № 393 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 16 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 5 мамыр
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 475 бұйрығымен бекітілген |
1. Осы Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 20-бабы 32-8) тармақшасына сәйкес әзірленді, пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру тәртібін анықтайды.
2. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жасаған Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға ресми сұрау салу бойынша осындай сұрау салу түскен сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне және мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органға – пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша;
мұнай, газ, көмір және уран саласындағы уәкілетті органға – көмірсутек шикізаты, көмір және уран бойынша;
елді мекендерінің аумақтарының сыртында су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға – жерасты сулар бойынша.
3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша (ЭҚАБЖ) электрондық тасығыштарда және поштамен қағаз тасығыштарда жіберіледі.
4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат бір данада (электрондық және қағаз тасығыштарда) беріледі және көбейтуге жатпайды.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
| Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидаларына қосымша |
Нысан
р/с № | Пайдалы қазбалар | Компоненттік өлшеу бірлігі | Орташа мазмұны | Баланстық қорлар | Баланстан тыс қорлар | Өсу/кему |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |