Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 729 бұйрығымен бекітілген |
Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) (бұдан әрі – жұмыс стандарттары) қаржы мониторингі органдары қызметкерлерінің (бұдан - қызметкерлер) кәсіптік әрекеттерін және қызметтік жүктемені ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне жету үшін белгіленеді. Сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау және штат санын айқындау кезінде есепке алынады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жұмыс стандарттары өзіне мыналарды қосады:
1) өздерінің қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін қызметкерлердің нақты іс-қимылын нақты регламенттеу;
2) қызметке алғаш кірген, сондай-ақ функционалдық міндеттерінің өзгеруіне алып келген жаңа лауазымдарға тағайындалған қызметкерлердің бейімделу процесін жеделдету;
3) халықтың сенім деңгейін жоғарылату;
4) нақты жұмыс учаскелерінде, қызмет бағыттарында қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалауға арналған өлшемшарттар жүйесін жасау;
5) нақты жұмыс учаскелерінде қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарының оңтайлы өлшемшарттарын әзірлеу;
6) ойдағыдай орындалғаны не орындалмағаны туралы айғақтайтын нақты, өлшенетін нәтижелерді айқындай отырып, барлық жұмыс процестерін сипаттау.
4. Қаржы мониторингі органдары қызметінің әрбір бағыты және әрбір лауазымы бойынша орындалатын жұмыстардың талдауы жеке-жеке бірқатар кезекті кезеңдерден тұрады:
1) әрбір лауазым қызметінің әрбір бағыты бойынша жұмыстардың барлық түрлерінің тізбесін жасау;
2) олардың қатаң кезеңділігімен тиісті жұмыс түрін қалыптастыратын нақты әрекеттердің тізбесін жасау;
3) әрбір нақты әрекет уақытының нормаларын айқындау;
4) нақты әрекеттердің нәтижелеріне талаптар.
Қызметтің бағыттары бойынша жұмыс стандарттарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлейді және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қоса беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Бекітілген жұмыс стандарттарын енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
1) қызметкерлерді жұмыс стандарттары енгізілетіні туралы хабардар ету, мақсаттарды және жұмыс стандарттарын енгізуге байланысты ұйымдастырушылық өзгерістерді түсіндіру;
2) қызметкерлерді жұмыс стандарттарымен таныстыру және жұмыс стандарттарын орындау жөнінде оқыту тренингтерін өткізу;
3) бақылауды ұйымдастыру;
4) қызметкерлердің қажетті білімін, дағдысы мен машығын, жұмыстарды орындау үшін ынтасының жеткілікті болуын айқындау мақсатында бекітілген жұмыс стандарттарын талдау (қажет болған жағдайда, қызметкерлердің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін жоғарылату жөнінде жұмыстар ұйымдастырылады).