Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2019 № 221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 18-05/22 бұйрығымен
бекітілген
1. Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына (бұдан әрі - БҚҚ) мынадай талаптар қойылады:
1) осы Талаптардың 1-қосымшасында келтірілген БҚҚ тиімділік есебіне сәйкес анықталатын денесінің ұзындығы 12 миллиметрден асатын шабақ үшін БҚҚ тиімділік коэффициенті 70 %-дан кем болмауы тиіс;
2) су тартқыштың есептік шығынына байланысты ББҚ осы Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді;
3) балықтардың өлшеміне байланысты БҚҚ торлы балық қорғау тосқауылдарының диаметрлері осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
2. БҚҚ жобалау:
1) қорғалатын балықтардың ең төменгі өлшемі көрсетілетін түрлік және өлшемдік құрамы;
2) олардың жылыстау және қоныс аудару кезеңі;
3) балықтардың тігінен және көлденең бөлінуі;
4) уылдырық шашу орындары мен қыстау шұңқырлары орналасқан жерлер;
5) қорғалатын балықтардың шабақтары үшін ағыстың құламалы жылдамдығы анықталатын жобалау-іздестіру және ғылыми зерттеулердің негізінде жүргізіледі.
Су тарту құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
1-қосымша
1. Балық қорғау құрылғыларының көрсеткіші (Кэф) балық қорғау құрылғысымен ұсталған балықтардың санының мұндай құрылғының жоқ болған кездегі су бөгетіне түсетін балықтардың санына қатынасы болып табылады, пайызбен келтіріледі:

мұндағы:
N1 Т - есептеу кезеңдегі балық қорғау құрылғысының бар болған кездегі түскен балықтардың саны;
N2T - балық қорғау құрылғысының жоқ болған кездегі сол Т есептік кезеңдегі су бөгетіне түскен балықтың саны;
2. Балық қорғау құрылғыларының көрсеткіші тәжірибелік жолмен анықталады - балық қорғау құрылғылары болған және болмаған кездегі балықтардың кезектеп су бөгетіне түсуін бақылау.
БҚҚ-ыны бөлшектеу мүмкін болмаған жағдайда, Кэф балықтың БҚҚ алдында және одан кейін шоғырлануының айырмасы бойынша мына формуламен анықталады:

мұндағы:
С1 — БҚҚ-дан кейін балық шабағының шоғырлануы;
С2 - БҚҚ алдында балық шабағының шоғырлануы.
3. БҚҚ тиімділігі өлшемі 12 мм балық шабағы үшін 70 % кем емес болуы тиіс.
4. БҚҚ-мен байланысқа түскен кезде (жазық аулар, ағыны шапшаң барабандар және т.б.) және балықты қайтару кезінде (егер БҚҚ-да балық қайтарғыш болса) шабақ өлетін болса, онда балық қорғау тиімділігінің көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

мұндағы:
N1T — БҚҚ болған кезде Т есептеу кезеңінде су бөгетіне түскен балықтардың саны;
N2T - БҚҚ болмаған кезде сол Т есептік кезеңінде су бөгетіне түскен балықтардың саны;
N3T - БҚҚ-ға соғылу салдарынан Т есептік кезеңінде өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны.
N3 көлемі БҚҚ-да қалып қойған (n 1), БҚҚ-ға соғылу салдарынан өлім-жітімге ұшыраған (n 2) және балық қайтару жолынан өткенде өлім-жітімге ұшыраған балықтар санының жиынтығымен анықталады (n 3): N3 = n1 + n2 + n3.
БҚҚ-ға соғылу салдарынан өлім-жітімге ұшырайтын шабақ санын (N3) анықтау жұмысы былай жүргізіледі:
n1 - балық қорғайтын құрылғыдағы балық санын есептеу жолымен анықталады;
n2 - жұмыс істеп тұрған су тарту құрылысында БҚҚ-ның төменгі жағынан ауланған балық шабақтарын өмір сүруге қалдырғаннан кейін өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны;
n3 - балық қайтарудан өткен балық шабақтарын өмір сүруге қалдырғаннан кейін өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны.
Су тарту құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
2-қосымша
Балық қорғау құрылғылары | Су тартқыштардың есеп айырысу шығындары, м/с | ||||
топ (балықтарды қорғау әдістері бойынша) | түр | 0,5 аз | 0,5 бастап, 5,0 дейін | 5,0 бастап, 10,0 дейін | 10,0 көп |
Бөгеуші | Өткінші ағында орнатылған торлы ағын белсенді барабан | + | - | - | - |
Өткінші ағында орнатылған ағын тудырғышы бар баулық (АББ). | + | - | - | - | |
Балық қайтаратын конустық бір жолақты балық тосқауылы (конустық). | - | + | + | + | |
Балық қайтаратын конустық екі жолақты балық тосқауылы (конустық) 25 метрге дейінгі ұзын секциялар сияқты V- W тәріздес көлденең торлы, бұрғылап тесілген немесе сүзетін экрандар. | + | + | - | - | |
Қоршағыш | Су тартқыш қол шатыр тәріздес баулық. | + | + | - | - |
Шоғырлаушы | Балықтарды көлденең айыратыны бар балық қорғау шоғырлаушысы (КАБК); блокпен қолданатын 5, 10 және 25 м3/с блок-секциялар. | - | + | + | + |
Ескерту: БҚҚ басқа түрлерін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша қолдануға жол беріледі. |
Су тарту құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларына
қойылатын талаптарға
3-қосымша
Балықтың дене ұзындығы, мм | 12 | 15 | 20 | 30 | 40 | 50 | 60 | 70 |
Саңылау диаметрі, мм | 1,5 | 2 | 3 | 4 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескерту: Төрт бұрышты тордың саңылауларында жоғарыда көрсетілген өлшемдер саңылаудың диагоналіне сәйкес. |